Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 247/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2013 жылғы 18 желтоқсандағы "Шарбақты ауданы бойынша нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 431/12 қаулысының (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 08 қаңтарда № 3656 болып тіркелді, 2014 жылғы 16 қантардағы аудандық № 3 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

О признании утратившим силу ранее принятого постановления акимата Щербактинского района

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 247/9

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах акимат Щербактинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ранее принятое постановление акимата Щербактинского района от 18 декабря 2013 года № 431/12 "Об установлении дополнительного перечня целевых групп по Щербактинскому району" (зарегистрированое Департаментом юстиции Павлодарской области 08 января 2014 года № 3656, опубликованное в районных газетах "Маралды" и "Трибуна" № 3 от 16 января 2014 года) признать утратившим силу.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на руководителя аппарата акима района.
      Аким района Б. Ибраев