"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 63 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Басқарманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.";

      "19. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша атқару орынбасарына не Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен Басқарманың өзге қызметкеріне жүктеледі.";

      "20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелері Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді.";

      "21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын басшының орынбасары болады.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Басқарманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.";

      "19. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша атқару орынбасарына не Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен Басқарманың өзге қызметкеріне жүктеледі.";

      "20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелері Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді.";

      "21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын басшының орынбасары болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті, "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады