"Арал ауданы Арал қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 153 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 шешімі

      Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Арал ауданы Арал қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 153 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6310 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны қала халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі;

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      қала бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, қала бюджетін түзетуді келісу;

      қаланың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі қала әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      қала бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      қала бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      қаланың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін,

      азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      қала әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің қала әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      қала әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. "Жиналысты қала әкімі дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудандық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама қала әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қала әкіміне беріледі.

      қала әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді қала әкімі қарайды және қала әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      қала әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      қала әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және тиісті ауданның мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен ауданның тиісті мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Б.Турахметов

"О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 153 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Аральск Аральского района"

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 24 декабря 2021 года № 172

      Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 153 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Аральск Аральского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6310) следующие изменения:

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      дополнить пунктами 3-1, 3-2 и 3-3 следующего содержания:

      "3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и формируется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения города:

      1) до 20 тыс. населения - 21-25 членов собрания;

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально численности их населения.

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета города в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата города по управлению коммунальной собственностью города (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета города;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города;

      согласование отчуждения коммунального имущества города;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима города для дальнейшего внесения в соответствующую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы города;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимом города самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты маслихата района, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму города, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в соответствующий маслихат района.";

      пункты 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом города и доводятся аппаратом акима города до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима города, вопрос разрешается вышестоящим акимом.

      Аким города, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес вышестоящего акима и маслихата соответствующего района протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Вышестоящий аким после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании маслихата соответствующего района вопросов, вызвавших несогласие между акимом города и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Аральского районного маслихата Б.Турахметов