2023 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 101-25-7 шешімі.

      Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 126 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 10.11.2023 № 34-10-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

      2. Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иртышского района на 2023 год

Решение Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 1 декабря 2022 года № 101-25-7.

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2023 в соответствии с пунктом 4 настоящего решения.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 126 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 10.11.2023 № 34-10-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Предоставить в 2023 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иртышского района, социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Предоставить в 2023 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иртышского района, подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      4. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2023 года.

      Секретарь Иртышского районного маслихата Б. Шингисов