Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Басқарманың келесі құрылымы бекітілсін:

      1) басшы;

      2) бас маман-есепші;

      3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас маман;

      4) жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімі;

      5) комиссиялардың жұмыстарын, азаматтарды әскери қызметке шақыруды үйлестіру және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша бөлімі.";

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 99 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімиятының
2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70
қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қөрғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру және әкімдік жанындағы консультативті-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы , Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі ,77.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, мемлекеттік шекара қызметі, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру қызметін үйлестіру, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, мемлекеттік шекара қызметі, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша күш құрылымдарымен өзара әрекет ету және өз құзыреті шегінде әкімдік жанындағы консультативті-кеңесші органдардың қызметін жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;

      тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери - экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;

      2) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      3) облыс шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

      4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін облыс шегінде арнаулы құрылымдардың құрылуын қамтамасыз ету;

      5) облыстың жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, облыс әкімдігіне бекітуге енгізу, сондай-ақ, облыс аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізу;

      6) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;

      7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      8) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      9) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздеу;

      11) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      12) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында облыс шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына беру;

      13) облыс шегінде жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу;

      14) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу;

      15) аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру; 16) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;

      17) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;

      18) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

      19) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;

      20) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;

      21) құлақтандыру мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;

      22) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлуді ұйымдастыру;

      23) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

      24) облыстың әскери басқару органын шақыру (жиын) пунктімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ, байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету;

      25) облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және дағдарыс жағдайының қауіпі және туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жедел штабтың қызметін қамтамасыз ету;

      26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар, соттар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекеменің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкі

      18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғауды және аумақтық қорғанысты материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 28 апреля 2017 года № 70 "О создании Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области и утверждении его Положения"

Постановление акимата Атырауской области от 4 мая 2022 года № 99

      Акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Атырауской области от 28 апреля 2017 года № 70 "О создании Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области и утверждения его Положения" следующие изменения:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Утвердить следующую структуру Управления:

      1) руководитель;

      2) главный специалист-бухгалтер;

      3) главный специалист по защите государственных секретов;

      4) отдел мобилизационной подготовки, территориальной обороны и гражданской защиты;

      5) отдел по координации работ комиссий, призыва граждан на воинскую службу и по вопросам государственной границы.";

      в приложении:

      Положение о государственном учреждении "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области", утвержденное указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области" в установленном законодательством порядке принять все меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атырауской области Бекенова К.А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Шапкенов С.

  Приложение к постановлению
акимата Атырауской области
от 4 мая 2022 года № 99
  Утверждено постановлением
акимата Атырауской области
от 28 апреля 2008 года № 70

Положение о государственном учреждении "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации, гражданской защите, государственной границы, территориальной обороне, призыву граждан на воинскую службу и по обеспечению деятельности консультативно-совещательных органов при акимате.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение Управления: 060010, Атырауская область, город Атырау, улица Айтеке би, 77.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      10. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия Управления

      12. Задачи:

      координация деятельности по мобилизационной подготовке и мобилизации, гражданской защите, территориальной обороне, призыву граждан на воинскую службу, взаимодействие с силовыми структурами по вопросам мобилизационной подготовки и мобилизации, гражданской защиты, территориальной обороны, призыву граждан на воинскую службу и государственной границы и в пределах своей компетенции осуществление деятельности консультативно-совещательных органов при акимате.

      13. Полномочия:

      1) права:

      принимать обязательные для исполнения правовые акты в пределах своей компетенции;

      запрашивать и получать информацию, документы от соответствующих организаций, государственных органов, предприятий и других;

      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами и функцией настоящего Положения;

      2) обязанности:

      соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      обеспечить реализацию возложенных на Управление функций;

      рассматривать жалобы и обращения, поступившие в Управление;

      иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      14. Функции:

      1) оказание содействия местным органам военного управления в их работе в мирное время и при объявлении мобилизации, участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений на территории области;

      2) организация и проведение работ по бронированию военнообязанных;

      3) обеспечение реализации комплекса мероприятий по переводу государственных органов и организаций в пределах области на функционирование в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      4) обеспечение создания специальных формирований в пределах области и деятельности для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      5) организация разработки, согласования с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки, внесение на утверждение в акимат области мобилизационного плана области, а также проведение мероприятий по мобилизационной подготовке в пределах области;

      6) предоставление в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки информации о производственных, финансовых, складских возможностях организаций для установления мобилизационных заказов;

      7) внесение в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки предложений по совершенствованию мобилизационной подготовки;

      8) проведение совместно с государственными органами мероприятий по подготовке экономики к выполнению мобилизационных планов;

      9) согласование мобилизационных планов акиматов районов, городов областного значения;

      10) предусмотрение объҰмов финансирования мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      11) обеспечение выполнения мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации на территории области;

      12) организация и обеспечение в пределах области своевременного оповещения и доставки граждан, подлежащих призыву, поставки техники на сборные пункты или в воинские части, предоставление по решению Правительства Республики Казахстан для нужд обороны находящуюся в их управлении областную коммунальную собственность в период мобилизации и военного положения;

      13) в целях мобилизационной подготовки в пределах области организация заключения договоров (контрактов) с организациями на производство товаров, выполнение работ и оказание услуг на период мобилизации, военного положения и в военное время;

      14) проведение среди населения разъяснительную работу о порядке действий при объявлении мобилизации;

      15) организация и осуществление мероприятий территориальной обороны;

      16) оказание необходимой помощи в случае вредного воздействия опасных производственных факторов с привлечением имеющихся сил, средств и ресурсов по выполнению мероприятий по их локализации, спасению жизни людей, защите их здоровья, прав и интересов, охране собственности, поддержанию общественного порядка;

      17) участие в расследовании аварий, чрезвычайных ситуаций;

      18) обеспечение в соответствии с утвержденными бюджетными назначениями исполнения местного бюджета по гражданской обороне, предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий;

      19) руководство территориальной подсистемой гражданской защиты в пределах своей компетенции;

      20) определение объемов и принятие необходимых мер по накоплению, хранению, обновлению и поддержанию в готовности имущества гражданской обороны;

      21) организация размещения технических средств оповещения и информирования;

      22) организация выделения средств из чрезвычайного резерва местных исполнительных органов на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий;

      23) обеспечение создания запасных (городских, загородных) вспомогательных и подвижных пунктов управления;

      24) обеспечение областного органа военного управления призывным (сборным) пунктом, снабжение медикаментами, инструментарием, противопожарным, медицинским и хозяйственным имуществом, автомобильным транспортом, а также средствами связи и охраны;

      25) обеспечение деятельности консультативно-совещательного органа при акимате области – межведомственной комиссии по профилактике правонарушений и регионального оперативного штаба по координации действий деятельности государственных органов по обеспечению общественной безопасности при угрозе и возникновении кризисной ситуации;

      26) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия руководителя Управления

      15. Руководство Управления осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Полномочия руководителя Управления:

      1) руководит деятельностью Управления и обеспечивает выполнение возложенных на него задач;

      2) представляет интересы Управления в государственных органах, судах и других организациях;

      3) определяет обязанности и полномочия работников Управления;

      4) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности работников Управления;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      6) в установленном законодательстве порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

      7) принимает необходимые меры, направленные на противодействие коррупции в Управлении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      8) в пределах своей компетенции издает приказы, принимает решения по другим вопросам, относящимся к его компетенции;

      9) в соответствии с законодательством назначает, а также освобождает руководителя государственного учреждения, для которых Управление является органом государственного управления.

      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      18. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      19. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      20. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      21. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении Управления

      Коммунальное государственное учреждение "Служба обеспечения материально-техническими средствами мобилизационной подготовки, гражданской защиты и территориальной обороны Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области".