Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының әкімінің 05.04.2024 № 3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №15-4-1/510 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы қаласы әкімінің м.а Н.Есов

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима города Каркаралинск Каркаралинского района Карагандинской области от 27 декабря 2023 года № 5. Отменено решением акима города Каркаралинск Каркаралинского района Карагандинской области от 5 апреля 2024 года № 3

      Сноска. Отменено решением акима города Каркаралинск Каркаралинского района Карагандинской области от 05.04.2024 № 3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7 статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно- санитарного инспектора Каркаралинской районной территориальной инспекции комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 декабря 2023 года №15-4-1/510 РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории города Каркаралинск Каркаралинского района, в связи с возникновением заболевания бешенство.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      И.о акима города Каркаралинск Н. Есов