Карантин белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2024 жылғы 19 ақпандағы №15-4-1/94 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі, Ынталы ауылының Сарықыз, Дубовка, Жамбасқұдық, Назар атауларымен белгіленген жайылымдары аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы А. Мустафин

Об установлении карантина

Решение акима Ынталинского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области от 21 февраля 2024 года № 1

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О ветеринарии" и на основании представления Главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Каркаралинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 19 февраля 2024 года №15-4-1/94, РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением заболевания эпизоотического лимфангита среди лошадей, установить карантин на территориях пастбищ именуемые Сарыкыз, Дубовка, Жамбаскудук, Назар села Ынталы, Ынталинского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима Ынталинского сельского округа А. Мустафин