Азық-түлік тауарлары мемлекеттік ресурстарының қорын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1088 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.09 N 1280 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік тауарлары мемлекеттік ресурстарының қорын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 20 қазандағы
№ 1088 қаулысымен
бекітілген   

Азық-түлік тауарлары мемлекеттік ресурстарының қорын
қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азық-түлік тауарлары мемлекеттік ресурстарының қорын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру - кейіннен елдің аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсерін тигізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстарға азық-түлік тауарларын сатып алу, орналастыру және сақтау;
      2) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын пайдалану - азық-түлік нарығына реттеушілік әсерін тигізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстардан азық-түлік тауарларын бекітілген бағалармен шығару;
      3) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын жаңарту - кейіннен сату үшін азық-түлік тауарларын ұқсас сапада және бірдей мөлшерде бір уақытта немесе үзілу мерзімімен сақтау мерзімін өткізіп алмау мақсатында мемлекеттік ресурстардан шығару;
      4) жауапты сақтау пункттері - азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорларын орналастыру және сақтау бойынша қызметтерді ұсынушылардың қойма жайлары;

2. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын
қалыптастыру, орналастыру, сақтау және жаңарту

      3. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік қорын уақтылы қалыптастыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ауыл шаруашылығы өнімі және оның қайта өңдеу өнімдерінің бағасына және нарығына мониторинг жүргізеді.
      4. Ауыл шаруашылығы өнімі және оның қайта өңдеу өнімдерінің бағасына және нарығына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне азық-түлік тауарларының сұранысы және ұсынысына талдамалық болжам енгізеді.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік тауарларының сұранысы және ұсынысына қатысты талдамалық болжамды қарау нәтижесі бойынша азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын қалыптастыру бойынша шешім қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын қалыптастыру жөніндегі шешім жобасында азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорының құрылымы және көлемі ескеріледі.
      Бұл ретте, азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорының құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес анықталады.
      6. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу операциялары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерін қабылдау күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде жүзеге асырылады.
      7. Азық-түлік тауарларын сатып алу операциялары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік ресурстар қорына салынатын азық-түлік тауарлары техникалық регламенттерге сәйкес болуы, ұзақ сақтауға дайындалған, ал олардың сапалық жағдайы сертификаттармен, өнімге арналған паспорттармен, сынақ хаттамаларымен немесе тағы басқа тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
      9. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын сатып алуды мамандандырылған ұйымдар сатып алу операциялары арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      10. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын басқару үшін уәкілетті орган мамандандырылған ұйымдармен сенімгерлік басқару шартын жасасады.
      11. Мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорының сандық-сапалы сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сақталу мерзіміне есеп жүргізеді.
      Аталған шарт, азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары отандық сақтау орындарында орналастырылған және сақталған жағдайда мамандандырылған ұйымдар және қызметтерді ұсынушылар арасындағы құрылған азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын сақтау және орналастыру жөніндегі шартта ескеріледі.
      12. Мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларын орналастыру мен сақтауды өзінің қойма жайларында жүзеге асырады және/немесе заңнамада белгіленген тәртіппен азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын сақтау мен орналастыру бойынша қызметтерді ұсынушыларды айқындайды.
      13. Жеткізушінің азық-түлік тауарларын жеткізуі, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың оларды қойма жайларына және/немесе жауапты сақтау пункттеріне орналастыруы азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалғаннан кейін он бес күннің ішінде жүзеге асырылады.
      14. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын мамандандырылған ұйымдардың қойма жайларына және/немесе жауапты сақтау пункттеріне тасымалдау шығыстары азық-түлік тауарларының жеткізушілеріне жүктеледі.
      Мамандандырылған ұйымдардың өз қойма жайларынан және/немесе жауапты сақтау пунктерінен сауда объектілеріне дейінгі азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын орналастыру, сақтау және тасымалдау бойынша шығындары комиссиялық сыйақы есебінен өтеледі.
      15. Мамандандырылған ұйымдардың қойма жайларында және/немесе жауапты сақтау пунктерінде азық-түлік тауарларын орналастыру рәсімдері аяқталған кезде азық-түлік тауарларын жеткізуші мен жауапты тұлғалар екі данада азық-түлік тауарларын өткізу-қабылдау актісін ресімдейді, оның біреуі мамандандырылған ұйымдарда, екіншісі - азық-түлік тауарларының жеткізушісінде сақталады.
      16. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қоры мамандандырылған ұйымдардың қойма жайларында және/немесе жауапты сақтау пункттерінде осы Ереженің 20-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін, бірақ тоғыз күнтізбелік айға дейін сақталады.
      17. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қоры тек осы Ережеде көзделген мақсаттарда және жағдайларда пайдаланылады.
      18. Мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларын ұқсас сапада және бірдей мөлшерде бір уақытта немесе үзілу мерзімімен сақтау мерзімі өткенге дейін бір ай мерзім өткенде азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын жаңартуды жүзеге асырады.
      19. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын жаңарту жергілікті атқарушы органдар тендерлік негізде анықтаған көтерме және бөлшек сауда ұйымдарына (бұдан әрі - сауда ұйымдары) ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлік тауарларын нарықтық бағамен өткізу арқылы жүзеге асырылады.

3. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын
пайдалану

      20. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары мыналар:
      1) ағымдағы жылғы азық-түлік тауарларының нарықтық бағасы өскен жағдайда аграрлық нарыққа реттеуші ықпал ету;
      2) азық-түлік тауарларына табиғи қолжетімділіктің төмендеу қаупі туындаған жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
      21. Азық-түлік тауарларының алдыңғы күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағасын айқындау әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.
      22. Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына қатысты азық-түлік тауарларының өндіріс көлеміне, олардың тауар қозғалысына, қорының болуына, бағаларына және агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдер нарығына мониторинг жүргізеді.
      Егер:
      бағалар деңгейі агроөнеркәсіптік нарыққа реттеуші ықпал ету қажет болса;
      азық-түлік тауарлары қорының көлемі халықтың апталық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемнен аз деңгейге дейін қысқартылса;
      азық-түлік тауарларының өңір ішіндегі және/немесе өңіраралық тауар қозғалысы климаттық құбылыстардың себептерінен шектелген болса, жергілікті атқарушы органдар үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бағалық интервенция өткізу бойынша тиісті ұсыныс енгізеді.
      23. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органнан келіп түскен ақпарат негізінде, Үкіметтің қарауына осы Ереженің 20-тармағында көзделген мақсаттарда бағалық интервенция өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
      24. Премьер-Министр уәкілетті органның ұсынысын мақұлдаған жағдайда, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Премьер-Министрдің, ол болмаған жағдайда - Премьер-Министр орынбасарының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалық интервенцияны өткізу жөніндегі келісілген шешімінің жобасын енгізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар бағалық интервенцияны өткізуді жүзеге асырады.
      25. Бағалық интервенция мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларын жергілікті атқарушы органдармен тендер негізінде анықтайтын сауда ұйымдарына өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, мамандандырылған ұйымдар мен сауда ұйымдары арасындағы жасалған азық-түлік тауарларын жеткізуге жасалған шарттарда жеткізу, өзара есеп айырысу талаптары, азық-түлік тауарларын мамандандырылған ұйымдардың сауда ұйымдарына, сауда ұйымдарының тұтынушыларға өткізуі кезіндегі белгіленген бағалары және тараптардың жауапкершіліктері көзделеді.
      26. Осы Ереженің 20-тармағында көзделген жағдайда азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарына өткізілген бағалық интервенциядан алынған мамандандырылған ұйымдардың комиссиялық сыйақысы шегерілген қаражат босату аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.
      27. Егер азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстар қорын мамандандырылған ұйымдардың қойма жайларында және/немесе жауапты сақтау пункттерінде орналастырған күннен бастап он ай ішінде осы Ереженің 20-тармағында көзделген жағдайлар жүзеге асырылмаса, азық-түлік тауарларының мемлекеттік қоры өткізілуге тиіс.
      28. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік қорларын өткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына сәйкес сауда ұйымдарына нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.
      29. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік қорын сатудан алынған, мамандандырылған ұйымдардың комиссиялық сыйақысы шегерілген қаражат өткізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

Об утверждении Правил формирования, размещения, хранения, использования и освежения запасов государственных ресурсов продовольственных товаров

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2010 года № 1088. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.10.2012 № 1280 (вводится в действие с 01.01.2012).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования, размещения, хранения, использования и освежения запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 20 октября 2010 года № 1088

Правила
формирования, размещения, хранения, использования и освежения
запасов государственных ресурсов продовольственных товаров

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования, размещения, хранения, использования и освежения запасов государственных ресурсов продовольственных товаров (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» (далее - Закон) и определяют порядок формирования, размещения, хранения, использования и освежения запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) формирование государственных ресурсов продовольственных товаров - закуп, размещение и хранение продовольственных товаров в государственные ресурсы для последующего оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности;
      2) использование государственных ресурсов продовольственных товаров - отпуск продовольственных товаров из государственных ресурсов по фиксированным ценам для оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности;
      3) освежение запасов государственных ресурсов продовольственных товаров - отпуск государственных ресурсов продовольственных товаров в целях недопущения истечения сроков хранения продовольственных товаров при одновременной или с разрывом во времени их закладке равного количества и аналогичного качества в целях дальнейшей продажи;
      4) пункты ответственного хранения - складские помещения поставщиков услуг по хранению и размещению запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.

2. Формирование, размещение, хранение и освежение запасов
государственных ресурсов продовольственных товаров

      3. Для своевременного формирования запасов государственных ресурсов продовольственных товаров уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса (далее - уполномоченный орган) проводит мониторинг цен и рынков сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки.
      4. По результатам мониторинга цен и рынков сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки уполномоченный орган вносит в Правительство Республики Казахстан аналитический прогноз спроса и предложения продовольственных товаров.
      5. Правительство Республики Казахстан по результатам рассмотрения аналитического прогноза спроса и предложения продовольственных товаров принимает решение по формированию запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.
      В проекте решения Правительства Республики Казахстан о формировании запасов государственных ресурсов продовольственных товаров предусматривается структура и объем запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.
      При этом, структура запасов государственных ресурсов продовольственных товаров определяется в соответствии с Перечнем социально значимых продовольственных товаров, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 145.
      6. Закупочные операции сельскохозяйственной продукции осуществляется в течение 1 (одного) месяца со дня принятия соответствующего решения Правительства Республики Казахстан без применения норм Закона Республики Казахстан «О государственных закупках» в соответствии с подпунктом 38) статьи 4 Закона Республики Казахстан «О государственных закупках».
      7. Закупочные операции продовольственных товаров осуществляются в порядке, установленном Законом Республики Казахстан «О государственных закупках».
      8. Продовольственные товары, закладываемые в запасы государственных ресурсов, должны соответствовать техническим регламентам, быть подготовлены к длительному хранению, а их качественное состояние подтверждено сертификатами, паспортами на продукцию, протоколами испытаний или другими соответствующими документами.
      9. Закуп государственных ресурсов продовольственных товаров осуществляется специализированными организациями за счет средств республиканского бюджета путем закупочных операций.
      10. Для управления государственными ресурсами продовольственных товаров уполномоченный орган заключает со специализированными организациями договоры доверительного управления.
      11. Специализированные организации обеспечивают количественно-качественную сохранность запасов государственных ресурсов продовольственных товаров, а также ведут учет сроков хранения продовольственных товаров.
      Данное условие, в случае размещения и хранения государственных ресурсов продовольственных товаров в пунктах ответственного хранения, оговаривается в договорах между специализированными организациями и поставщиками услуг по хранению и размещению продовольственных товаров.
      12. Специализированные организации осуществляют размещение и хранение продовольственных товаров на собственных складских помещениях и/или в установленном законодательством порядке определяют поставщиков услуг по хранению и размещению запасов государственных ресурсов продовольственных товаров.
      13. Поставка продовольственных товаров поставщиком, а также их размещение специализированными организациями на складских помещениях и/или пунктах ответственного хранения осуществляется в течение пятнадцати календарных дней со дня заключения договора поставки продовольственных товаров.
      14. При формировании запасов государственных ресурсов продовольственных товаров расходы по транспортировке продовольственных товаров до складских помещений специализированных организаций и/или пунктов ответственного хранения возлагаются на поставщиков продовольственных товаров.
      Затраты специализированных организаций по размещению, хранению и транспортировке запасов государственных ресурсов продовольственных товаров от собственных складских помещений и/или пунктов ответственного хранения до торговых объектов возмещаются за счет комиссионного вознаграждения.
      15. По завершению размещения продовольственных товаров на складских помещениях специализированных организаций и/или в пунктах ответственного хранения поставщик продовольственных товаров и ответственные лица специализированных организаций оформляют акт приема-передачи продовольственных товаров в двух экземплярах, один из которых хранится у специализированных организаций, второй - поставщика продовольственных товаров.
      16. Запасы государственных ресурсов продовольственных товаров хранятся на складских помещениях специализированных организаций и/или в пунктах ответственного хранения, до наступления случаев, предусмотренных пунктом 20 настоящих Правил, но не более девяти календарных месяцев.
      17. Запасы государственных ресурсов продовольственных товаров используются только в целях и случаях, предусмотренных настоящими Правилами.
      18. Специализированные организации осуществляют освежение запасов государственных ресурсов продовольственных товаров при наступлении месячного срока до истечения сроков хранения, продовольственных товаров при одновременной или с разрывом во времени их закладке равного количества и аналогичного качества.
      19. Освежение запасов государственных ресурсов продовольственных товаров осуществляются путем реализации сельскохозяйственной продукции и продовольственных товаров по рыночным ценам организациям оптовой и розничной торговли (далее - торговые организации), которые определяются местными исполнительными органами на тендерной основе.

3. Использование запасов государственных ресурсов
продовольственных товаров

      20. Государственные ресурсы продовольственных товаров используются для:
      1) оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок при превышении рыночных цен на продовольственные товары в текущем году;
      2) обеспечения продовольственной безопасности при возникновении угрозы снижения физической доступности продовольственных товаров.
      21. Методика определения среднегодовой рыночной цены на продовольственные товары, сложившейся за предыдущий календарный год, утверждается уполномоченным органом.
      22. Местные исполнительные органы проводят мониторинг состояния продовольственной безопасности в отношении объема производства продовольственных товаров, их товародвижения, наличия запасов, цен и рынков продукции агропромышленного комплекса.
      В случае, если:
      уровень цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок;
      объемы запасов продовольственных товаров сократились до уровня менее чем объема, достаточного для удовлетворения недельной потребности населения;
      внутрирегиональное и/или межрегиональное товародвижение продовольственных товаров ограничено в силу климатических явлений, то местные исполнительные органы в течение трех рабочих дней вносят в уполномоченный орган соответствующее предложение по проведению ценовых интервенций.
      23. Уполномоченный орган на основании информации, полученной от местных исполнительных органов, вносит на рассмотрение Правительства предложение по проведению ценовых интервенций в целях, предусмотренных пунктом 20 настоящих Правил.
      24. В случае одобрения Премьер-Министром предложения уполномоченного органа уполномоченный орган совместно с заинтересованными государственными органами по поручению Премьер-Министра, а в его отсутствие - Заместителя Премьер-Министра, вносит в установленном порядке согласованный проект решения Правительства Республики Казахстан о проведении ценовых интервенций.
      С момента принятия Правительством Республики Казахстан соответствующего решения специализированные организации осуществляют проведение ценовых интервенций.
      25. Ценовые интервенции осуществляется путем реализации специализированными организациями продовольственных товаров торговым организациям, которые определяются местными исполнительными органами на тендерной основе.
      При этом в договорах, заключенных между специализированными организациями и торговыми организациями на поставку продовольственных товаров, предусматриваются условия поставки, взаимных расчетов, фиксированные цены при реализации продовольственных товаров специализированными организациями торговым организациям, торговыми организациями потребителям и ответственность сторон.
      26. Средства, полученные от проведения ценовых интервенций государственных ресурсов продовольственных товаров в случаях, предусмотренных пунктом 20 настоящих Правил, за вычетом комиссионного вознаграждения специализированной организации, подлежат возврату в республиканский бюджет в течение десяти календарных дней после завершения отпуска.
      27. Если, в течении девяти месяцев со дня размещения запасов государственных ресурсов продовольственных товаров на складских помещениях специализированных организаций и/или в пунктах ответственного хранения случаи, предусмотренные пунктом 20 настоящих Правил не состоялись, то запасы государственных ресурсов продовольственных товаров подлежат реализации.
      28. Реализация запасов государственных ресурсов продовольственных товаров осуществляется по рыночным ценам торговым организациям, согласно законодательству Республики Казахстан о государственных закупках.
      29. Средства, полученные от реализации запасов государственных ресурсов продовольственных товаров, за вычетом комиссионного вознаграждения специализированной организации, подлежат возврату в республиканский бюджет в течение десяти календарных дней после завершения реализации.