"Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 374 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы немесе электрондық аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;»;
      4)5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аукцион нөмірі – қатысушыға аукционға немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде электрондық аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
      5) аукционшы – аукцион жүргізетін және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген, сатушының қызметкері болып табылады не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тартылатын жеке тұлға;
      6) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) кепілдік жарнасы – сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;»;
      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-1) Тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) ұйымдастырушы – жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 24), 25), 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24) электрондық аукцион – Тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін сауда-саттық нысаны;
      25) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін Тізілім веб-порталының бөлімі;
      26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты Тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.»;
      8-тармақта:
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарнасының сомасын айқындау;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, объектiнi жекешелендiруге дейiн бұл материалдық құндылықтарды одан әрi орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға болатын жекешелендiру туралы алдын ала хабарлау;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) ұйымдастырушымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ аукционшы тартылған жағдайда онымен аукционды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарау және электрондық аукционға жіберу;»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті тәртіппен мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.»;
      12-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық шарттары, нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдайды;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кепілдік жарна сомасы туралы шешім қабылдайды;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа (электрондық аукционды қоспағанда) жібереді;
      12) сауда-саттық (электрондық аукционды қоспағанда) жеңімпазын жариялайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдерді қабылдауды және қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, аукционның, тендердің және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.»;
      14-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады;»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Кепiлдiк жарна сатушының деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепiлдiк жарнаның алушысы болып табылады.»;
      18-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қор биржасында бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткізу мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында жарияланады.»;
      19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бастапқы, ал аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде, сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң ең төменгі бағасын;»;
      20-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын, аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын және тендер және/немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.»;
      22-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсім арқылы конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке тұлғалар үшiн:
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын;
      заңды тұлғалар үшiн:
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын;
      банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын.
      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі;»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «23-1. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды:
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
      5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
      23-2. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың:
      1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;
      заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;
      2) қатысушының кепілдік жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының;
      3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;
      4) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты (хабарламаны жариялау сәтінде) қамтитын акционерлердің тізілімінен үзіндінің көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
      Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.
      23-3. Электрондық аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде осы Қағиданың 23-2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.»;
      24-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағиданың 22 және 23-2-тармақтарында аталғандардан басқа, қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қатысушылардың құжаттары журналда тіркелгеннен кейін сейфте сақталады, аукцион, тендер немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткiзiлетiн күні қатысушылардың құжаттары қарау және аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа жіберу үшін комиссияға берiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «26-1. Сатушы электрондық өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық аукционға қатысу үшін жеке және заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарайды және қатысушының Тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық өтінімді қабылдау немесе электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Сатушы электрондық аукционға жіберген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
      Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның Сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады.
      26-2. Сатушы аукционға немесе электрондық аукционға қатысудан, оны өткізуден бұрын үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін жояды.»;
      28-тармақ алынып тасталсын;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарнасы қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнасын енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.»;
      30-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде объектінің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасын төмендету арқылы, бірақ 50 пайыздан асырылмай белгіленеді. Сауда-саттықтың голланд әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға бастапқы бағаның кемінде 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Голланд әдісі бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде ең төменгі баға Комиссия ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға рұқсат ететін голланд әдісін қолдана отырып үшінші және кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, алдыңғы аукционның ең төменгі бағасын 50 пайызға төмендету арқылы белгіленеді.»;
      323334 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион аукционшының сату объектiсiн, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукцион процесiнде аукционшының ол туралы хабарлай отырып, қадамды өзгертуіне жол беріледі.
      Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
      1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде, және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi.
      Аукционшының объект бағасын қайталап жариялауы арасындағы үзiлiс кемінде 5 секундты құрайды.
      33. Аукцион төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:
      1) Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi:
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын және бағаның арттыру қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар нөмiрін көтере отырып, бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы аукционға қатысушылардың аукцион нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Аукционшы жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды.
      Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына артқан жағдайда ғана сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi бойынша жекешелендіру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлген болып саналады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға арттыруды кемінде екі қатысушы жүзеге асырады;
      2) Сауда-саттықтың голландтық әдiсi:
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукцион нөмiрiн бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi аукционнан алынып тасталады.
      Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр бір мезгілде көтерiлсе, онда аукционшы бағаны жеңiмпаз айқындалған сәтке дейiн белгіленген қадам көлемiне көтере бастайды. Жарияланған қадам аукционның голландтық әдiсi бойынша белгiленген қадамға, бiрақ ұлғайту жағына тең болады. Егер бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген аукционға қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда аукционшы жеребе тастау рәсiмiн қолданады.
      Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион, егер оны өткізу сәтіне жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін голландтық әдіс бойынша үшінші және кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, тек бір қатысушы қатысқан жағдайда өтпеген болып саналады.
      34. Әрбір сатылған жекешелендіру объектiсi бойынша аукцион нәтижелерi аукцион нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелерi, аукционшы және жеңiмпаз қол қояды және аукцион өткен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде ол Тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді. Аукционшы қажет болған кезде хаттамаға қол қою үшiн он минуттан аспайтын уақытқа үзiлiс жариялайды. Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшін бiр-бiр данадан жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткiзiлгеннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, аукцион нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын сатушыға береді.
      35. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының сату бағасы бойынша жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:
      «4-1. Электрондық аукционды өткізу
      36-1. Жекешелендіру объектісінің бастапқы, алғашқы және ең төменгі бағаларын айқындау, кепілдік жарнасын енгізу, электрондық аукцион жүргізу кезінде жекешелендіру объектісін бірінші және кейінгі сауда-саттыққа қою осы Қағиданың 272930-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      36-2. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
      Аукцион залында электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
      Егер сауда-саттықтың ағылшындық тәсілін қолдана отырып, жүргізілген электрондық аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де электрондық аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады.
      Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып, жүргізілген электрондық аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де электрондық аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өтпеді деп танылады.
      36-3. Егер электрондық аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға жекешелендіру объектісін сатуға жол берілетін голландтық әдіс бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады.
      36-4. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
      1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде, және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi.
      Электрондық аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.
      36-5. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион:
      1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады;
      2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады.
      Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
      Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
      36-6. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша электрондық аукцион:
      1) егер электронды аукцион басталған сәттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
      2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
      Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша электронды аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электронды аукцион өткізілген болып танылады;
      3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады.
      Осы Қағиданың 36-2-тармағының төртінші бөлігінде, 36-3-тармағында, 36-5-тармағының 1) тармақшасында және 36-6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
      36-7. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион нәтижелері электрондық аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.
      36-8. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
      36-9. Егер жеңімпаз электрондық аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға осы Қағиданың 36-7 және 36-8-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы Тізілім веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады.
      36-10. Тізілім веб-порталының қызмет етуін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) қамтамасыз етеді.
      36-11. Электрондық аукцион кезінде электрондық аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, қатысушы:
      1) Тізілім веб-порталымен орнықты байланыстың жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде электрондық аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;
      2) бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.
      36-12. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болуы фактісін тіркеп, Тізілім веб-порталы жағында техникалық ақаулықтар болған кезде ақпаратты Тізілім веб-порталында орналастыру жолымен электрондық аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
      36-13. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда, электрондық аукцион жалғаса береді.
      36-14. Электрондық аукционды жүргізуге немесе электрондық аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 36-12-тармағында көрсетілген Тізілім веб-порталының техникалық ақаулығы фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы алдын ала міндетті түрде осы электрондық аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты Тізілім веб-порталында орналастыру және Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы электрондық аукционға қатысқан қатысушыларды хабардар етіп, электрондық аукционды бірыңғай оператор техникалық ақауларды жойған күннен кейін келесі үш жұмыс күнінің біреуіне ауыстырады.»;
      37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тендерде жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 20 пайыздан аспай төмендетіледі.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жеке енгізіледі.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Комиссияның шешімі негізінде сатушы тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасын, кепілдік жарнасының сомасын айқындайды.»;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Ұйымдастырушының және/немесе аукционшының және/немесе бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткiзуге жұмсалатын шығыстарына қосылады.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы делдал компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.»;
      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешімде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесілі акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типі, оның (олардың) аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмілені аяқтаудың ең көп мерзімі, туынды бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын сату шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс.»;
      көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 сәуірдегі
№ 374 қаулысына   
қосымша       

Жекешелендіру объектілерін
сату қағидасына     
қосымша         

      Жекешелендіру объектіcін (объектілерін) сату бойынша
____________________________________________________________ қатысуға
             (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)

                            ӨТІНІМ

      1. ______________________________________________ жекешелендіру
объектісінің (объектілерінің) сатылуы туралы жарияланған хабарламаны
қарап және сату қағидаларымен танысып, ______________________________
                                       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
                                         заңды тұлғаның атауы және
                                             сенімхат негізінде
_______________________________________ 20__ жылғы «___» ____________
  әрекет ететін заңды тұлға басшысының
   немесе заңды тұлға өкілінің Т.А.Ә.)
мына мекенжай бойынша _______________________________________ болатын
сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді.
      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін _______________________
                                                 (мемлекеттік мүлік
                                                 жөніндегі уәкілетті
                                                 орган не жергілікті
                                                   атқарушы орган
                                                    көрсетіледі)
______________ депозиттік шотына жалпы сомасы ___________ көрсетіледі
                                               (цифрмен)
(_______________________) теңге ______ кепілдік жарнасын (жарналарын)
(сомасы таратып жазылады)       (саны)
енгіздім (енгіздік).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі
ЖСК № _______, БСН __________, төлем тағайындау коды _______________,
Кбе _________, мекеме коды __________.

      Кепілдік жарнасы енгізілген жекешелендіру объектілері туралы
мәлімет:

Р/с

Жекешелендіру объектісінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:

Р/с

Кепілдік жарнасының тағайындалуы және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген жекешелендіру объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз) мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе
құрылтай құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру объектінің
сауда-саттықта сатылу шарты болып табылатын қызмет түрлерімен
шұғылдануға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) ұйымдастырушы аукцион қатысушылары бола алмайтыны туралы
хабардармын (хабардармыз).
      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім
(екеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) сауда-саттықта қатысу
құқығынан айырылуымен, мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері
туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатын
келісемін (келісеміз).
      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп танылған
жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға
_____________________________________________________________________
                 (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
өткізілген күні қол қою және ___________________________ өткен күннен
                         (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою
міндеттемелерін аламын (аламыз).
      6. Мынадай:
      1) сауда-саттық өткізілгенге дейін күнге үш жұмыс күнінен аз
уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартқан;
      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас
тартқан;
      3) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас
тартқан;
      4) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді
орындамаған және тиісінше орындамаған;
      5) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес емес
екенім (екеніміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік
жарнасының сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына
келісемін (келісеміз).
      7. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге
сатып алу-сату шартын жасасуға дейінгі қолданылатын шарт күшіне ие.
      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін:
      Заңды тұлға үшін:
      Атауы _________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Басшының Т.А.Ә. _______________________________________________
      Мекенжайы: ____________________________________________________
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
      Банктік деректемелері:
      ЖСК ___________________________________________________________
      БСК ___________________________________________________________
      Банктің атауы _________________________________________________
      Кбе ___________________________________________________________
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      Жеке тұлға үшін:
      Т.А.Ә.: _______________________________________________________
      ЖСН ___________________________________________________________
      Паспорт деректері _____________________________________________
      Мекенжайы: ____________________________________________________
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
      Банктік деректемелері:
      ЖСК ___________________________________________________________
      БСК ___________________________________________________________
      Банктің атауы _________________________________________________
      Кбе ___________________________________________________________
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      ________ ______________________________________________________
       (қолы)  (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
                заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат
                      негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      20__ ж. «___» ____________.

      М.О.
      20__ ж. «___» _________ 20__ ж. сағат «___» минутта қабылданды.
      _______        ________________________________________________
       (қолы)            (өтінімді қабылдап алған адамның Т.А.Ә.)

      Қатысушының аукцион нөмірі ________ (аукцион немесе электрондық
аукцион өткізілетін кезде көрсетіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады