"Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 598 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау және халықаралық авиамаршруттарға арналған куәліктер беру мақсатында өткізіледі.

      Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамашруттарға:

      1) жаңа авиамаршруттар ашылған;

      2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;

      3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.";

      9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тұрақты жолаушылар тасымалдарында үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы (кемінде соңғы екі жыл);";

      10-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтініш;

      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің көшірмесі;

      3) барлық қосымшаларымен қоса азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

      4) сақтандырудың міндетті түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттарының) көшірмелері;

      5) әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (олардың үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификаты);

      6) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ресімдеуді қоса алғанда, авиабилеттерді сатудың ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінің бірінде орындар ресурсын орналастыруға және жүргізуге арналған келісімінің көшірмесі;

      7) авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

      8) пайдалану сәтінен бастап алынуы болжанатын кірісті есепке алмағанда, бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшін есепшотта қажетті мөлшерде ұлттық немесе шетелдік валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;

      9) бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктемені ескере отырып, ұшуды орындауға арналған шығыстардың есептемелері;

      10) төлем жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзім ішінде салық берешегі мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары бойынша берешектің жоқтығы туралы салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар (осы құқықты растайтын құжатты қоса бере отырып) тұлғаның қолы қойылған және мөрі басылған бекітілген нысандағы салық органының анықтамасының түпнұсқасы (егер анықтамада берешек көрсетілсе, аталған берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын, анықтама берген адам қол қойған құжаттар қоса берілуі қажет);

      11) авиакомпанияның авиабилеттерді броньдау және сату ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінде ресурстарды басқару бойынша білікті персоналының болуы туралы мәлімет;

      12) соңғы қаржылық жылғы аудиторлық есеп;

      13) тұрақты жолаушылар тасымалдарында соңғы екі жылдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет;

      14) Қазақстан Республикасының кемінде екі қаласында авиакомпанияның филиалын немесе өкілдігін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      15) авиакомпания веб-сайтының болуы және веб-сайт арқылы авиабилеттерді сатуды жүргізу туралы мәліметтер;

      16) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IOSA) берген қауіпсіздіктің өндірістік аудиті сертификатының көшірмесі;

      17) авиамаршрутта халықаралық ұшуларды орындауға арналған ұзақ мерзімді (үш жылға арналған) бизнес-жоспар;

      18) конкурсқа шығарылған халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 598 қаулысына
қосымша
  Жолаушыларды, багажды,
жүктер мен почта
жөнелтілімдерін тасымалдау
жөнінде қызметтер көрсету үшін
халықаралық авиамаршруттарға
арналған конкурс өткізу
және халықаралық
авиамаршруттарға куәліктер
беру қағидаларына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА АРНАЛҒАН КУӘЛІК

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау

      (тасымалдау объектілері көрсетіледі) мақсатында

      _______________________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша

      (халықаралық авиамаршрут атауы)

      ______________________________________________________________________ жиілігімен

      (аптасына рұқсат етілген рейстер саны)

      тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.

      Халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлікті берген мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілетті берген адамның

      тегі, аты-жөні және қолы)

      Куәліктің берілген күні:                                          20___ жылғы "___" ___

      Куәліктің қолданылу мерзімі:                              20___ жылғы "___" ___ дейін

      Куәліктің нөмірі ____________ № ____________

      Астана қаласы

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2010 года № 1221 "Об утверждении Правил проведения конкурса на международные авиамаршруты и выдачи свидетельств на международные авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 598. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2023 года № 1128.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.12.2023 № 1128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2010 года № 1221 "Об утверждении Правил проведения конкурса на международные авиамаршруты и выдачи свидетельств на международные авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 2, ст. 16) следующие изменения:

      в Правилах проведения конкурса на международные авиамаршруты и выдачи свидетельств на международные авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Конкурс проводится с целью определения авиакомпании для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений и выдачи свидетельств на международные авиамаршруты.

      Конкурс на международные авиамаршруты проводится на авиамаршруты, по которым установлены ограничения по количеству авиаперевозчиков или частоте выполнения рейсов согласно межправительственным соглашениям, в случаях:

      1) открытия нового авиамаршрута;

      2) распределения дополнительных частот на существующем международном авиамаршруте согласно изменениям, внесенным в межправительственное соглашение;

      3) распределения освободившихся частот при отказе от эксплуатации авиаперевозчиком международного авиамаршрута;

      3. Организатором проведения конкурса на международные авиамаршруты выступает Комитет гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган).";

      подпункт 7) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "7) иметь непрерывный опыт работы регулярных пассажирских перевозок (не менее двух последних лет);";

      пункт 10 исключить;

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Для участия в конкурсе участниками представляются следующие документы:

      1) заявление установленной формы на участие в конкурсе согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копия свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      3) копия сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов со всеми приложениями;

      4) копии страховых полисов (договоров), подтверждающих наличие обязательных видов страхования;

      5) сведения о парке воздушных судов (их типы, количество, регистрационные бортовые номера, действующий сертификат летной годности);

      6) копия соглашения на размещение и ведение ресурса мест в одной из глобальных дистрибутивных систем продаж авиабилетов, включая оформление перевозочных документов в электронной и бумажной формах;

      7) копия свидетельства о регистрации авиакомпании в Международной организации гражданской авиации (ИКАО);

      8) справка банка об имеющихся финансовых средствах на счете в национальной или иностранной валютах в количестве, необходимом для обеспечения полетов, в соответствии с предлагаемым расписанием по международному авиамаршруту в течение месяца без учета дохода, предполагаемого с момента эксплуатации;

      9) расчеты расходов на выполнение полетов с учетом планируемой загрузки в соответствии с предлагаемым расписанием по международному авиамаршруту в течение месяца;

      10) оригинал справки установленной формы соответствующего налогового органа об отсутствии или наличии налоговой задолженности и задолженности по обязательным пенсионным взносам в накопительные пенсионные фонды более чем за три месяца, предшествующих дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками, за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан, за подписью первого руководителя или лица, имеющего право подписи (с приложением соответствующего документа, подтверждающего данное право), с печатью данного налогового органа (в случае, если в справке указана задолженность, необходимо приложить документы, подтверждающие сроки образования данной задолженности за подписью лица, выдавшего справку);

      11) сведения о наличии квалифицированного персонала авиакомпании по управлению ресурсами в глобальных дистрибутивных системах бронирования и продаж авиабилетов;

      12) аудированный отчет за последний финансовый год;

      13) сведения об опыте работы на регулярных пассажирских перевозках за последние два года;

      14) копия свидетельства о регистрации филиала или представительства авиакомпании не менее чем в двух городах Республики Казахстан;

      15) сведения о наличии веб-сайта авиакомпании и ведении продажи авиабилетов через веб-сайт;

      16) копия сертификата производственного аудита безопасности авиакомпаний (IOSA) Международной ассоциации воздушного транспорта;

      17) долгосрочный бизнес-план (на три года) выполнения международных полетов на авиамаршруте;

      18) конкурсные предложения по обеспечению основных условий и требований к организации перевозок пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений по выставленным на конкурс международным авиамаршрутам.";

      приложение 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 сентября 2017 года
№ 598
  Приложение 2
к Правилам проведения конкурса
на международные авиамаршруты
и выдачи свидетельств на
международные авиамаршруты для
оказания услуг по перевозке
пассажиров, багажа, грузов и
почтовых отправлений

                                                Герб
                                    Республики Казахстан

            CВИДЕТЕЛЬСТВО НА МЕЖДУНАРОДНЫЙ АВИАМАРШРУТ

            Выдано ___________________________________________________________________
                              (полное наименование юридического лица)

            на право выполнения регулярных авиарейсов по международному авиамаршруту
      __________________________________________________________________________
                              (наименование авиамаршрута)

            с частотой ________________________________________________________________
                              (количество разрешенных рейсов в неделю)

            с целью перевозки ____пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений________
                                    (указываются объекты перевозок)

            Государственный орган, выдавший свидетельство на международный авиамаршрут
      __________________________________________________________________________
            (полное наименование государственного органа, выдавшего свидетельство)
      __________________________________________________________________________
            (фамилия, инициалы и подпись должностного лица уполномоченного
                        органа либо лица, уполномоченного им)

            Дата выдачи свидетельства:                        "___" ________ 20__ года

            Срок действия свидетельства:                        до "___" ________ 20__ года

                        Номер свидетельства ____________ № ____________

                                          город Астана

                              ___________________________________