"Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 207 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде:

      "Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 128-2, 128-3 және 128-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

128-2

Жолбарыс

Panthera tigris Linnaeus

Тигр

128-3

Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы

Panthera pardus saxicolor

Переднеазиатский леопард

128-4

Керқұлан

Equus przewalskii Poljakov

Лошадь Пржевальского

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады