Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 1614 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аппараты" деген жолда "22" деген цифрлар "30" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппараты" деген жолда "31" деген цифрлар "61" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада "Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшiлер" деген жолда "2045" деген цифрлар "2335" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.

      4) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283 Жарлығына:

      тақырыбында, 1 және 3-тармақтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінiң (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлігінiң, Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпедегі ", қаржы полициясы органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшаның тақырыбында "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінің (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң, Кедендiк бақылау агенттiгінiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 3 және 4-қосымшалардың тақырыптарында "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 7-қосымшаның тақырыбында "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 12-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 17-қосымшада:

      тақырыбында "жөнiндегi агенттігінiң" деген сөздер "министрлiгiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ескертпенiң 2 және 4-тармақтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы Жарлыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 21, 22 және 23-қосымшалармен толықтырылсын;

      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2007.12.28. N 501; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681 Жарлықтарымен.

      2. Осы Жарлық, 2005 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізiлетiн 1-тармақтың 4) және 5) тармақшаларының соңғы абзацтарын қоспағанда, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi



  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 1614 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
12-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк

      комитетiнiң "Арыстан" қызметi әскери қызметшілерiнiң

      санаттар бойынша лауазымдар

      ТIЗIЛIМI

      С-NSD-1

      Қызмет бастығы

      С-NSD-2

      Қызмет бастығының бiрiншi орынбасары

      Қызмет бастығының орынбасары

      С-NSD-3

      Басқарма (жауынгерлiк) бастығы

      С-NSD-4

      Басқарма (жауынгерлiк) бастығының орынбасары

      С-NSD-5

      Бөлiм (жауынгерлiк) бастығы

      С-NSD-6

      Бөлiм (жауынгерлiк) бастығының орынбасары

      Нұсқаушы (жауынгерлiк)

      С-NSD-7

      Аға офицер (террорға қарсы тактика, мергендiк бақылау, байланыс, жарғыш техник, кинолог)

      С-NSD-8

      Офицер (террорға қарсы тактика, мергендiк бақылау, байланыс, жарғыш техник, кинолог)

      С-NSD-9

      Басқарма бастығы

      С-NSD-10

      Басқарма бастығының орынбасары

      Бөлiм бастығы

      С-NSD-11

      Инспектор*

      С-NSD-12

      Аға жедел уәкiл

      Аға офицер

      Жедел кезекшi

      С-NSD-13

      Офицер

      Ескертпе. * Осы лауазымдар кадр және дербес қауiпсiздiк бөлiмшелерi үшiн көзделген.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 1614 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
21-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігiнiң (қаржы

      полициясының) орталық аппараты қызметкерлерiнiң

      санаттар бойынша лауазымдар

      ТIЗIЛIМI

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясының) (бұдан әрi - Агенттiк) төрағасы, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

      С-FP-1

      Аппарат басшысы

      С-FP-2

      Департамент бастығы

      С-FP-3

      Аппарат басшысының орынбасары

      Департамент бастығының бiрiншi орынбасары

      Департамент бастығының орынбасары

      Агенттік басқармасының бастығы

      Орталық аппараттың бiрiншi басшысының кеңесшiсi

      Баспасөз хатшысы

      С-FP-4

      Департаменттiң басқарма бастығы

      Агенттiк басқармасы бастығының орынбасары

      С-FP-5

      Департамент басқармасы бастығының орынбасары

      Департаменттiң бөлiм бастығы

      Агенттік басқармасының бөлiм бастығы

      С-FP-6

      Департаменттiң бөлiм бастығының орынбасары

      Департамент басқармасының бөлiм бастығы

      Орталық аппараттың бiрiншi басшысының көмекшiсi

      С-FP-7

      Аса маңызды iстер жөнiндегі аға тергеушi (инспектор)

      С-FP-8

      Аға тергеушi (инспектор)

      С-FP-9

      Тергеушi (инспектор)

      С-FP-10

      Кiшi инспектор

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 1614 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
22-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы

      полициясының) облыстық (республикалық маңызы бар

      қалалардың) аумақтық органдары қызметкерлерiнiң

      санаттар бойынша лауазымдар

      ТIЗIЛIМI

      С-FPО-1

      Аумақтық органның басшысы

      С-FPО-2

      Аумақтық орган басшысының орынбасары

      С-FPО-3

      Аумақтық органның басқарма бастығы

      С-FРО-4

      Аумақтық органның басқарма бастығының орынбасары

      Аумақтық органның бөлiм бастығы

      С-FPО-5

      Аумақтық органның бөлiм бастығының орынбасары

      Аумақтық орган басқармасының бөлiм бастығы

      С-FPО-6

      Аумақтық орган басқармасының бөлiм бастығының орынбасары

      Аумақтық орган бөлiмшесiнiң бастығы

      С-FPО-7

      Аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (инспектор)

      С-FPО-8

      Аға тергеуші (инспектор)

      С-FPО-9

      Тергеуші (инспектор)

      С-FPО-10

      Кіші инспектор

      Жүргізуші қызметкер

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 1614 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
23-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң

      (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясы

      қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар

      ТIЗIЛIМI

      С-FPU-1

      Академия бастығы

      С-FPU-2

      Академия бастығының орынбасары

      С-FPU-3

      Академия факультетiнiң бастығы

      С-FPU-4

      Академия кафедрасының бастығы

      Академия бөлiмiнiң бастығы

      Академия факультетi бастығының орынбасары

      Профессор

      С-FPU-5

      Академия кафедрасы бастығының орынбасары

      Академия бөлiмi бастығының орынбасары

      Доцент

      С-FPU-6

      Академияның аға оқытушысы

      Академияның аға ғылыми қызметкерi

      С-FPU-7

      Академияның оқытушысы

      Академияның ғылыми қызметкерi

      Курстың бастығы

      Ғылыми кеңестiң хатшысы

      С-FPU-8

      Курс бастығының орынбасары

      Академияның кiшi ғылыми қызметкерi

      С-FPU-9

      Аға инспектор

      С-FPU-10

      Инспектор

      С-FPU-11

      Кiшi инспектор

      С-FPU-12

      Жүргізушi қызметкер

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 1614 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
30-1-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы

      полициясының) орталық аппараты, қаржы полициясының

      аумақтық және мамандандырылған органдары, сондай-ақ

      оқу және өзге де ведомстволық бағынысты мекемелерi

      қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын және

      сауықтыру жәрдемақыларын есептеуге арналған

      коэффициенттер

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады