"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 947 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат; 2010 ж., № 38, 326-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісіндегі республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламаларды топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарын ведомстволық сыныптау негізінде қалыптастырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 6-9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 16 сентября 2009 года № 871 "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета"

Указ Президента Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 947. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 16 сентября 2009 года № 871 "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 39, ст. 378; 2010 г., № 38, ст. 326) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 9 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Аналитический отчет о выполнении республиканских бюджетных программ в разрезе администраторов бюджетных программ и бюджетных программ формируется на основе ведомственной классификации расходов бюджета, составляемой посредством группировки администраторов бюджетных программ и бюджетных программ.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета не позднее 1 апреля года, следующего за отчетным, представляет годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Правительство Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по государственному планированию и органы государственного финансового контроля в соответствии с требованиями, установленными пунктами 6-9 настоящих Правил.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н.НАЗАРБАЕВ