Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 298 Жарлығы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 13 шілдедегі
№ 298 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақта:

      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;";

      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау және келісу;";

      4-тармақта:

      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істеген мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуын келісу;".

      2. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.".

      3. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында:

      20-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 553-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұлттық баяндаманы:

      1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралады;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 13 шілдедегі
№ 298 Жарлығымен
бекітілген өзгерістер

      мен толықтыруларға

      қосымша

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
бекітілген

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын
белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Қағидалардың күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады