"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N А-4/126 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 15 мамырда N 3220 тіркелді.

«     "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына , "Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N№817  қаулысына  сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N№А-2/22  қаулысына  (Мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде 2007 жылы 7 наурызда N 3217 болып тіркелген, газеттерде: "Арқа Ажары" 2007 жылы 20 наурызда, "Акмолинская правда" 2007 жылы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілейтін Ережелерінде:
      1-тарауда "Жалпы ережелер":
      "орман қоры жерлері;" сөздері "орман қоры жерлері;" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Щучье қаласының жерлері;" сөздері алынып тасталсын;
      2-тарауда "Ұлттық парк қорғалу аймағының режимі":
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте қорғалу аймағында шаруашылықпен айналысатын табиғатты пайдаланушыларға қатысты Ұлттық парк аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бақылау құқықтары таралады." сөздері алынып тасталсын;
      3-тарауда "Ұлттық парктің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану тәртібі":
      "Ұлттық парктің қорғалу аймағында орналасқан елді мекендердің даму жобалары (шекаралары мен бас жоспарлары)
Ұлттық парк дирекциясының келісімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаралады және бекітіледі, атап айтқанда:
      нысандар құрылысына арналған жер учаскелерін таңдау;
      елді мекендерді кеңейту және жаңаларын құру;
      нысандардың құрылысын жүргізу, орналастыру, жобалау және пайдалану;
      жаңа технологияларды енгізу;
      зияндылығы жоғары класты өнеркәсіп объектілерінің құрылысын салу және пайдалану."
      "Ұлттық парктің қорғалу аймағының шекарасында"» сөздерінен кейінгі "Ұлттық парк дирекциясының келісімі бойынша" сөздері алынып тасталсын;
      "әуесқойлық (спорттық) және кәсіби аң, балық аулау (парк дирекциясының ақылы негізде беретін жолдамалары мен лицензиялары бойынша);" сөздері "кәсіптік және әуесқой (спорттық) балық шаруашылығы;"»сөздерімен ауыстырылсын;
      "мал бағу" сөздерінен кейінгі "(бағу нормаларына сәйкес)" сөздері алынып тасталсын;
      "; қорғалу аймағы көлдерінің бальнеологиялық ресурстарын пайдаланудың ерекше тәртібі" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года N А-2/22 "Об установлении охранной зоны Государственного Национального природного парка "Бурабай"

Постановление Акимата Акмолинской области от 13 апреля 2007 года N А-4/126. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 мая 2007 года N 3220

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях",  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 817 "Об утверждении Правил ведения мониторинга подзаконных нормативных правовых актов" акимат Акмолинской области  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в  постановление  акимата Акмолинской области "Об установлении охранной зоны Государственного Национального природного парка "Бурабай" от 23 января 2007 года N№А-2/22 (зарегистрировано в Акмолинском региональном разделе Реестра государственной регистрации от 7 марта 2007 года N 3217, опубликовано в газетах: "Арқа Ажары" 20 марта 2007 года и "Акмолинская правда"»10 апреля 2007 года) следующие изменения:
      в Правилах, определяющих режим и порядок природопользования на территории охранной зоны Государственного Национального Природного парка "Бурабай", утвержденных указанным постановлением:
      в главе 1 "Общие положения":
      слова "земли лесного запаса;" заменить словами  "земли лесного фонда;";
      слова "земли города Щучинск;" исключить;
      в главе 2 "Режим охранной зоны Национального парка":
      слова "В отношении природопользователей, осуществляющих деятельность в границах охранной зоны, распространяются права контроля государственного инспектора Национального парка, в порядке установленном законодательством об особо охраняемых природных территориях." исключить;
      в главе 3 "Порядок природопользования на территории охранной зоны Национального парка":
      слова "Проекты развития (границы и генеральные планы) населенных пунктов, находящихся на территории охранной зоны Национального парка, рассматриваются и утверждаются в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан при наличии согласования с дирекцией Национального парка, а именно:
      выбор земельных участков под строительство объектов;
      создание новых и расширение существующих населенных пунктов;
      размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов;
      внедрение новых технологий;
      строительство и эксплуатация промышленных объектов высоких классов вредности." исключить;
      после слов "объектам Национального парка," слова "по согласованию с дирекцией Национального парка" исключить;
      слова "проведение любительской (спортивной) и промысловой охоты и рыбной ловли (осуществляются по путевкам и лицензиям, предоставляемым дирекцией парка на платной основе);" заменить словами "промысловое и любительское (спортивное) рыболовство;";
      после слов "пастьба скота" слова "(согласно нормам выпаса)" исключить;
      слова "; особый режим пользования бальнеологическими ресурсами озер охранной зоны»исключить.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

       Аким области