Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау Ережесін бекiту туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қазандағы № 151 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада № 3-12-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 44 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 44 Шешімімен.

       «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 310 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына және 25 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ:
       1. Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау Ережесі бекiтiлсiн. (Қоса беріледі).
      2. «Хромтау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-26 номермен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2006 жылғы 26 мамырдағы № 21 санында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 135 шешімі, «Хромтау ауданының селолық округтерінде үй жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-12-35 номерімен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 179 шешімі, «Хромтау ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-77 номерімен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 4-5 сандарында жарияланған) 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 87 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Хромтау қаласы мен селолық округтер әкімдері осы шешімнен туындайтын барлық қажет шараларды қабылдасын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2009 жылғы 26 қазандағы
№ 151 шешiммен
бекітілген.

Хромтау қаласы мен ауданның елдi
мекендерiнде жануарлар ұстау
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Хромтау қаласы және ауданның елді мекендерін аумағында жануарларын ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленiп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзғаны үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.
      2. Ереже меншiк түрiне қарамастан жануарлар ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

2. Жануарларды ұстау

      3. Жануарлар аулада көршiлерге кедергi келтiрмейтiндей арнайы бөлiнген және жабдықталған жайларда ұсталуы тиiс.
      4. Жануарлар иелерi оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарын сақтауы, қоршаған ортаны ластамауы тиіс.
      5. Мал тұратын жайлар тоқсан сайын әктелiп, жылына кем дегенде бiр рет залалсыздандырылады. Қилар, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар уақытында арнайы бөлiнген орындарға төгiлiп тұрады.
      6. Малдарды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, парктерде және басқа жалпы пайдалану орындарына жайылымға шығаруға жол берілмейді.
      7. Санитарлық зонада жануарларды ұстауға болмайды.
      8. Жануарлар іс жүзіндегі нормативтерге сәйкес арнайы жабықталған жабық жайда, жеке тұрғын үйлерден, мектептер, емдеу және балалар мекемелері, парктер, зоопарктер, стадиондар, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көппәтерлі үйлер, демалатын көпшілік орындар, балаларды сауықтыру лагерлері, демалыс үйлері, жасанды су қоймалар, артизандық құдықтар, өзендер жағасының аумақтарынан қашық орналасып ұсталуы қажет.
      9. Жануарларды белгіленген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтаған жағдайда бір отбасынан артық тұратын бірқатарлы үйлерде ұстауға сол үйде тұратын көршілес отбасылардың келісімімен ғана рұқсат етіледі.
      10. Экзотикалық жануарларды ұстау тек уәкілетті органдардың      рұқсатымен ғана мүмкін.
      11. Мектептердің, Оқушылар үйлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің зоологиялық бұрыштарында жануарларды ұстау тек Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік малдәрігерлік инспекторларының рұқсатымен болады.
      12. Қазақстан Республикасының малдәрігерлік заңнамаларын сақтаған жағдайда көліктің барлық түрімен жануарларды әкелуге және тасымалдауға рұқсат етіледі.
      13. Жануарлар иелері тиісті:
      1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстауға, оларға мейiрiмдiлiкпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгiнуге;
      2) аумақты, мал шаруашылығы қора- жайларын, сондай-ақ жем-шөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      3) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық ( ветеринарлық- санитарлық) талаптарды сақтауға;
      4) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      5) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      6) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
      7) ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринарлық тексеру үшін кедергісіз беруге;
      8) ветеринарлық инспекторлардың жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өндеу жөніндегі талаптарын орындауға;
      9) союдың алдында ветеринарлық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринарлық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
      10) ветеринарлық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
      11) ветеринарлық мекемелердің мамандарына негізделген талабы бойынша жануарларды қарауға, диагностикалық зерттеуге, емдеу-алдын алу шараларын жүргізу үшін егуге, вакцинация жасауға кедергісіз әкеліп көрсетуге.
      14. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймасына және су жинау алаңына шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.

3. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ереженi бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 30.01.2001ж. Кодексiнiң 310 бабына сәйкес жауапты.

Об утверждении Правил содержания животных в городе Хромтау и населенных пунктах района

Решение Хромтауского районного маслихата Актюбинской области от 26 октября 2009 года № 151. Зарегистрировано Управлением юстиции Хромтауского района Актюбинской области 25 ноября 2009 года за № 3-12-104. Утратило силу решением маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 7 августа 2012 года № 44

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 07.08.2012 № 44.

       В соответствии со статьей 310 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» от 30 января 2001 года, подпункта 1 пункта 2 статьи 10 и статьи 25 Закона Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года, руководствуясь подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года районный маслихат РЕШИЛ:
       1. Утвердить Правила содержания животных в городе Хромтау и  населенных пунктах района. (Прилагается).
       2. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 28 апреля 2006 года № 135 «Об утверждении Правил содержания домашних животных в городе Хромтау», (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-12-26, опубликованное в районной газеты «Хромтау» за № 21 от 26 мая 2006 года), решение от 22 декабря 2006 года № 179 «Об утверждении Правил содержания домашних животных в сельских округах Хромтауского района», (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-12-35, опубликованное в районной газеты «Хромтау» за № 3 от 29 января 2007 года), решение от 24 декабря 2008 года № 87 «Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Хромтауского района», (зарегистрированное в реестре государственной регистрации норматвивных правовых актов за № 3-12-77, опубликованное в районной газеты «Хромтау» за № 4-5 от 29 января 2009 года).
       3. Акимам города Хромтау и сельских округов принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего решения.
       4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Утверждены решением
№ 151 от 26 октября 2009 года

ПРАВИЛА
содержания животных
в городе Хромтау и населенных пунктах района
 
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны с целью регламентации содержания животных на территории города Хромтау и населенных пунктах района и устанавливают ответственность физических и юридических лиц за нарушение настоящих Правил.
      2. Правила распространяются на всех без исключения независимо от форм собственности физических и юридических лиц, содержащих животных.

2. Содержание животных

      3. Животные должны содержаться на подворье в специально отведенных и приспособленных помещениях, исключающих причинение неудобств соседям.
      4. Владельцы животных должны соблюдать зоотехнические и ветеринарно-санитарные требования их содержания, не допускать загрязнения окружающей среды.
      5. Помещение для скота ежеквартально белить известью и дезинфицировать не реже одного раза в год. Навоз, животноводческие отходы своевременно вывозить в специально отведенные для этого места.
      6. Выгон скота на улицах, площадях, в скверах, парках и других местах общего пользования не разрешается.
      7. В санитарной зоне нельзя содержать животных.
      8. Животные должны содержаться в специально оборудованных закрытых помещениях, расположенных на расстоянии от жилых домов индивидуального сектора, от территории школ, лечебных и детских учреждений, парков, зоопарков, стадионов, предприятий общественного питания, торговли, пищевой промышленности, многоквартирных домов, мест массового отдыха, оздоровительных детских лагерей, домов отдыха, искусственных водоемов, артезианских колодцев и от берегов рек в соответствии с действующими нормативами.
      9. В одноэтажных домах, при проживании в них более одной семьи, разрешается содержание животных с согласия соседей, проживающих в этом доме, при соблюдении установленных ветеринарно-санитарных правил.
      10. Содержание экзотических животных возможно только с разрешения уполномоченных органов.
      11. Содержать животных в зоологических уголках детских дошкольных учреждений и школ, Домов школьников только с разрешения государственных ветеринарных инспекторов районной территориальной инспекции Министерства Сельского хозяйства Республики Казахстан.
      12. Разрешается ввоз и перевозка животных всеми видами транспорта при условии соблюдения ветеринарного законодательства Республики Казахстан.
      13. Владельцы животных должны:
      1) содержать животных в соответствии с их биологическими особенностями, гуманно обращаться, не оставлять без присмотра, в случае заболевания вовремя прибегать к ветеринарной помощи;
      2) содержать территорию, животноводческие помещения, а также сооружения для хранения и переработки кормов, продуктов и сырья животного происхождения в соответствии с ветеринарными правилами и нормативами, не допускать загрязнения окружающей среды;
      3) соблюдать зоогигиенические и ветеринарные (ветеринарно-санитарные) требования при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию объектов государственного ветеринарного надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке подконтрольных государственному ветеринарному надзору грузов;
      4) обеспечивать идентификацию животных и оформление на них ветеринарных паспортов;
      5) извещать органы государственного ветеринарного надзора о вновь приобретенных животных, полученном приплоде, их убое и продаже;
      6) извещать ветеринарных специалистов о случае внезапного падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия ветеринарных специалистов принимать меры к изолированному содержанию животных, подозреваемых в заболевании;
      7) беспрепятственно предоставлять ветеринарным инспекторам для ветеринарного осмотра подконтрольные государственному ветеринарному надзору грузы;
      8) выполнять требования ветеринарных инспекторов по обезвреживанию (обеззараживанию), переработке подконтрольных государственному ветеринарному надзору грузов, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) не допускать убоя животных для реализации без предубойного ветеринарного их осмотра и послеубойной ветеринарно-санитарной экспертизы туш и органов;
      10) оказывать содействие ветеринарным специалистам в выполнении ими служебных обязанностей;
      11) беспрепятственно предоставлять специалистам ветеринарных учреждений по их обоснованному требованию животное для осуществления осмотра, диагностических исследований и проведения лечебно – профилактических обработок, прививок, вакцинаций;
      14. Не допускается купать и мыть животных в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах.

3. Заключительные положения

      15. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, ответственны в соответствии со статьей 310 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» от 30.01.2001 года.