"Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелерін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 7/1 шешімімен бекітілген Ережесіне өзгертулер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 18/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 желтоқсанда N 13-10-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 маусымдағы N 4/2 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.04 N 4/2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 7/1 шешімімен бекітілген Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу № 13-10-70 2008 жылғы 7 мамырдан, 2008 жылғы 9 мамырдағы № 21 аудандық «Знамя труда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      1 тармақтағы екінші абзацта «және жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды» сөздері шығарылсын;
      23 тармақтағы «тыйым салынады» деген сөзі «жол берілмейді» сөзімен алмастырылсын;
      56 тармақтағы «тыйым салынады» деген сөзі «жол берілмейді» сөзімен алмастырылсын.
      59,60,61 тармақтары шығарылсын;
      64 тармақтағы «қатаң түрде» сөзі шығарылсын;
      65 тармақ шығарылсын;
      69 тармақтың 9 тармақшасы келесі редакцияда;
      «9) көгалдар мен гүлзарлардағы құрылыс жұмыстары» деп берілсін;
      72 тармақтағы екінші сөйлем шығарылсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Н. Знайко                                  А. Нұртаев

О внесении изменений в Правила благоустройства и охраны зеленых насаждений в Мамлютском районе, утвержденных решением районного маслихата от 15 апреля 2008 года № 7/1

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 23 октября 2009 года N 18/4. Зарегистрировано Управлением юстиции Мамлютского района Северо-Казахстанской области 1 декабря 2009 года N 13-10-96. Утратило силу - решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 4 июня 2012 года N 4/2

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 04.06.2012 N 4/2

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. В Правила благоустройства и охраны зеленых насаждений в Мамлютском районе, утвержденных решением районного маслихата от 15 апреля 2008 года № 7/1 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13-10-70 от 7 мая 2008 года, опубликованное 9 мая 2008 года в газете «Знамя труда» № 21) внести следующие изменения:
      в абзаце втором пункта 1 слова «и устанавливают ответственность физических и юридических лиц» исключить;
      в пункте 23 слово «запрещается» заменить словом «не допускается»;
      в пункте 56 слово «запрещается» заменить словом «не допускается»;
      пункты 59, 60, 61 исключить;
      в пункте 64 слово «категорически» исключить;
      пункт 65 исключить;
      подпункт 9 пункта 69 изложить в следующей редакции:
      «9) строительные работы на газонах и цветниках»;
      в пункте 72 второе предложение исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня их первого официального опубликования в средствах массовой информации.

      Председатель сессии                        Секретарь
      районного маслихата                        районного маслихата
      Н. Знайко                                  А. Нуртаев