"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 қарашада № 2555 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2 тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 6 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2009 жылғы  15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы", 2009 жылғы 26 маусымдағы N 158 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" және 2009 жылғы 14 қазандағы N 234 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларын қарап, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХVІІ сессиясында ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдері жойылсын.
      5. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Облыстық мәслихаттың
      ХVІІ сессиясының төрағасы              А. Есенжанов

      Облыстық мәслихат хатшысы              Ж. Дүйсенғалиев

Облыстық мәслихаттың     
2009 жылғы 16 қазандағы N 250-ІV
шешімімен бекітілді      

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы"
атағын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен облыс (қала, аудан) алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.
      Сондай-ақ, "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Атырау облысының (қаланың, ауданның) тарихында сақтау болып табылады.

2. Атақ беру жөніндегі талаптар

      2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Атырау облысымен (қаласымен, ауданымен) байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;
      2) өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
      3) халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;
      4) облыс (қала, аудан) халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;
      5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
      6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;
      8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.
      2-1. Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін.
      Ескерту. 2-1 тармағымен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 381-IV шешімімен.

3. Атақ беру тәртібі

      3. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.
      4. Ұсынылған үміткерлердің:
      1) облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы;
      2) өмірбаяндық мәліметі;
      3) ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.
      5. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.
      6. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың сессиясында қаралады.
      7. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілуі мүмкін емес.
      8. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
      9. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      10. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы берілген тұлға "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" ерекше белгісімен марапатталады.
      11. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысы мен облыс (қала, аудан) әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.
      11-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.
      Ескерту. 11-1 тармағымен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 250-IV шешімімен.
      12. Құрметті азаматтың есімі облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары кітабына жазылады.
      13. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      14. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен қала, кент, ауыл көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
      Ескерту. 14 тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 11.07.2014 № 299-V шешімімен.
      15. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.
      16. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға мерейтой күндеріне, мемлекеттік және өзге де ресми мерекелерге арналған ресми іс-шараларға қатысуға құқылы.
      17. "Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін берілген тұлғалардың отбасылары куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.
      Ескерту. 17 тармағы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 250-IV шешімімен.

4. Атақтан айыру және қалпына келтіру

      18. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағынан айыру облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен мына жағдайларда:
      1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
      2) атақ иесі "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын ұятқа қалдыратын теріс қылық жасағанда жүргізілуі мүмкін.
      19. Заңсыз сотталған және кейін сот толық ақтаған тұлғалардың "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қалпына келтіріледі.

Облыстық мәслихаттың  
2009 жылғы 16 қазандағы 
N 250-ІV шешіміне 1 қосымша

      Атырау облыстық мәслихатының жойылатын шешімдері:
      1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы шешімі;
      2. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 3 шілдедегі N 239-ІV "Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

Облыстық мәслихаттың   
2009 жылғы 16 қазандағы  
N 250-ІV шешіміне 2 қосымша

      Атырау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылатын шешімдері:
      1. Атырау облыстық мәслихатының 2000 жылғы 28 тамыздағы N 76-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 719) тіркелді.
      2. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 11 шілдедегі N 133-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағы туралы ережесіне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 720) тіркелді.
      3. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 қазандағы N 148-ІІ "Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 721) тіркелді.

Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Решение Атырауского областного маслихата от 16 октября 2009 года N 250-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 23 ноября 2009 года за N 2555

      В соответствии с подпунктом 12-2 пункта 1 статьи 6, пунктом 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 6 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 марта 1998 года N 213 "О нормативных правовых актах", рассмотрев постановления областного акимата от 15 мая 2009 года N 125 "О правилах присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)", от 26 июня 2009 года N 158 "О внесении изменений в постановление областного акимата от 15 мая 2009 года N 125 "О правилах присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" и от 14 октября 2009 года N 234 "О внесении изменений в постановление областного акимата от 15 мая 2009 года N 125 "О правилах присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)", областной маслихат ІV созыва на очередной ХVІІ сессии РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)".
      2. Данное решение вступает в силу со дня его государственной регистрации.
      3. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Отменить решения Атырауского областного маслихата согласно приложению 1 к настоящему решению.
      5. Признать утратившими силу решения Атырауского областного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      Председатель ХVІІ сессии
      областного маслихата                    А. Есенжанов

      Секретарь областного маслихата          Ж. Дюсенгалиев

Утверждено         
решением областного маслихата 
от 16 октября 2009 года N 250-ІV

Правила присвоения звания
"Почетный гражданин области (города, района)"
1. Общие положения

      1. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" присваивается решением областного (городского, районного) маслихата. Присвоение звания "Почетный гражданин области (города, района)" призвано выполнять патриотическую функцию и является выражением общественного признания плодотворной деятельности заслуженных граждан перед областью (города, района) и Республикой Казахстан.
      Также целью присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" является сохранение имен заслуженных граждан в истории Атырауской области (города, района).

2. Требования по присвоению звания

      2. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" присваивается лицам, чья биография связана с Атырауской областью (городом, районом), имеющим государственные награды, соответствующим одному из следующих требований:
      1) совершившим подвиг и проявившим мужество в период Великой Отечественной войны, либо проявившим в мирное время личное мужество при исполнении профессиональных обязанностей или гражданского долга, а также внесшим значимый вклад в работу по укреплению законности и правопорядка;
      2) государственным и политическим деятелям, проявившим себя в сфере местного государственного управления, внесшим большой вклад в развитие области (города, района), в сохранение целостности независимого суверенного Казахстана;
      3) за инновационную деятельность и внедрение передовых технологий в отраслях народного хозяйства, а также активно способствовавшим социально-экономическому развитию области (города, района);
      4) внесшим вклад в оздоровление населения области (города, района), за внедрение экономичных и эффективных методов лечебно-профилактической работы;
      5) внесшим вклад в сфере охраны окружающей среды и улучшение экологической ситуации в регионе;
      6) внесшим значимый вклад в развитие науки, техники, литературы, искусства и других видов деятельности;
      7) внесшим особый вклад в воспитание у подрастающего поколения граждан Республики Казахстан гражданственности, культуры и патриотизма, а также в совершенствование и повышение качества образования;
      8) победителям и призерам олимпийских игр, чемпионатов мира и других международных соревнований, прославившим отечественный спорт на мировых аренах.
      2-1. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" может быть присвоено и посмертно".

      Сноска. дополнен пунктом 2-1 решением Атырауского областного маслихата от 3.12.2010 N 381-IV.

3. Порядок присвоения звания

      3. Кандидатуры на присвоение звания "Почетный гражданин области (города, района)" представляются акимом соответствующей  административно-территориальной единицы.
      4. На выдвигаемую кандидатуру предоставляются:
      1) представление акима области (города, района);
      2) биографические сведения;
      3) документы, подтверждающие особые заслуги, перечень государственных наград, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      5. Представление о присвоении звания "Почетный гражданин области (города, района)" составляется на основании ходатайства трудового коллектива и общественных объединений.
      6. Представление о присвоении звания "Почетный гражданин области (города, района)" рассматривается на сессии маслихата области (города, района).
      7. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" не может быть присвоено лицу, имеющему неснятую или непогашенную судимость.
      8. Рассмотрение вопроса и принятие решения о присвоении звания "Почетный гражданин области (города, района)" могут осуществляться в отсутствии представляемого к званию лица.
      9. Решение о присвоении звания "Почетный гражданин области (города, района)" принимается открытым голосованием на сессии маслихата области (города, района) большинством голосов от числа присутствующих депутатов.
      10. Лица, удостоенные звания "Почетный гражданин области (города, района)" награждаются отличительным знаком "Почетный гражданин области (города, района)".
      11. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" подтверждается удостоверением и нагрудным знаком, которые вручаются секретарем маслихата области (города, района) и акимом области (города, района) в обстановке торжественности и широкой гласности.
      1-1. В случае присвоения звания "Почетный гражданин (города, района)" посмертно, документы об их присвоении оставляются семье на хранение, как память.
      Сноска. дополнен пунктом 11-1 решением Атырауского областного маслихата от 3.12.2010 N 381-IV.
      12. Имя почетного гражданина заносится в Книгу почетных граждан области (города, района).
      13. Решение маслихата области (города, района) о присвоении звания "Почетный гражданин области (города, района)" публикуется в средствах массовой информации.
      14. Имя почетного гражданина области (города, района) по предложению общественности может присваиваться улицам городов, поселков и сел в порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      15. В случае смерти лица, удостоенного звания, по желанию родственников или наследников, его документы могут быть переданы в музеи.
      16. Лица, удостоенные звания "Почетный гражданин области (города, района)" имеют право на посещение официальных мероприятий, посвященных юбилейным датам, государственным и иным официальным праздникам.
      17. Лицам удостоенные звания "Почетный гражданин области (города, района)" рекомендуется обеспечить сохранность удостоверения и нагрудного знака а также семьям лиц, которым звание "Почетный гражданин области (города, района)" присвоено посмертно".
      Сноска. п.17 в новой редакции решением Атырауского областного маслихата от 3.12.2010 N 381-IV.

4. Лишение и восстановление звания

      18. Лишение звания "Почетный гражданин области (города, района)" может быть произведено решением маслихата области (города, района) по представлению акима области (города, района) в случаях:
      1) вступления в законную силу обвинительного приговора суда;
      2) совершения лицом проступка, порочащего звание "Почетный гражданин области (города, района)".
      19. Лица, незаконно осужденные и в последующем полностью реабилитированные судом, восстанавливаются в звании "Почетный гражданин области (города, района)".

Приложения 1        
к решению областного маслихата
от 16 октября 2009 года N 250-ІV

      Перечень отменяемых решений Атырауского областного маслихата:
      1. Решение Атырауского областного маслихата от 27 мая 2009 года  N 220-ІV "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)";
      2. Решение Атырауского областного маслихата от 3 июля 2009 года N 239-ІV "О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 27 мая 2009 года N 220-ІV "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)".

Приложения 2        
к решению областного маслихата
от 16 октября 2009 года N 250-ІV

      Перечень решений Атырауского областного маслихата, признаваемых утратившими силу:
      1. Решение Атырауского областного маслихата от 28 августа 2000 года N 76-ІІ "Об установлении звания "Почетный гражданин Атырауской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 719).
      2. Решение Атырауского областного маслихата от 11 июля 2001 года N 133-ІІ "О внесении дополнений в Положение о звании "Почетный гражданин Атырауской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 720).
      3. Решение Атырауского областного маслихата от 5 октября 2001 года N 148-ІІ "О порядке назначения и выплаты единовременного вознаграждения и ежемесячного пособия лицам, присвоенным звания "Почетный гражданин Атырауской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 721).