Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6398 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 193 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 15.04.2013 № 193 бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырылған Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) мыналарды:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 385 бұйрығымен   
бекітілген      

Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және қайтаруға жататын ҚҚС артуын растау мақсатында қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) артуын қайтару туралы талаптарды (салық өтініштерін) табыс еткен салық төлеушілерді тәуекелдер деңгейіне жатқызу тәртібін нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулық ҚҚС артуын қайтару туралы талаптарға (салық өтініштеріне) сәйкес қайтаруға табыс еткен ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша жоспардан тыс салық тексерулерін жүргізу кезінде ғана қолданылады.
      3. Осы Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) мынадай салық төлеушілерге таралмайды:
      1) мониторингте тұрған ірі салық төлеушілерге;
      2) өз өндiрiсiндегі тауарларды өндiрушiлер, сондай-ақ мұндай өндiрушiлердiң тауарларын өткізетін олардың сауда үйлерiне;
      3) жер қойнауын пайдалану келісім-шартының шеңберiнде қызметті жүзеге асыратындар.
      4. ҚҚС төлеушіден ҚҚС артуын қайтару туралы талаптар (салық өтініштері) келіп түскен кезде салық органы қайтаруға табыс еткен ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тиісті тақырыптық салық тексерулерін жүргізуді тағайындайды.
      5. Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдерін қолданумен бір уақытта осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес ҚҚС артуын қайтару туралы талаптарға (салық өтініштеріне) сәйкес қайтаруға табыс еткен ҚҚС төлеуші қызметінің көрсеткіштері тестіден өтеді.
      6. Тәуекел өлшемдерінің баллдары барлық өлшемдер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жинақталады. Бұл қорытынды салық төлеушілерді тәуекелдер деңгейіне жатқызу үшін қолданылады.
      7. Егер баллдардың жиынтық қорытындысы тестілеу нәтижесі бойынша отыз бес және одан жоғары балл болған жағдайда, салық төлеуші тәуекелдер деңгейіне жатады.
      8. Егер баллдардың жиынтық қорытындысы тестілеу нәтижесі бойынша отыз бес баллдан төмен болып, бірақ салық төлеушінің қызметінде осы Нұсқаулықтың 24-қосымшаларында көзделген жүйелерге келетін салықтарды төлеуден жалтару белгілері байқалған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіні тәуекел дәрежесіне жатқызуға құқылы.
      Бұл ретте салықтарды төлеуден жалтару белгілері:
      1) тиісті тауар, жұмыстар, қызмет көрсетулер қозғалысынсыз ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасу;
      2) тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше, ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны өсіру мақсатында мәмілелер жасасу болып табылады.
      9. Тәуекел дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты салық органы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушілер бойынша «Жеткізушілер бойынша пирамида» талдамалы есебін (бұдан әрі – талдамалы есеп) қалыптастырады.
      10. Егер талдамалы есепті қалыптастыру кезінде:
      ірі салық төлеушілер мониторингіндегі;
      өз өндірісінің тауарларын өндіретін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін;
      жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші болып табылатын жеткізуші анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушінің жеткізушілері бойынша одан әрі талдамалы есеп қалыптастыруды тоқтатады.
      11. Талдамалық есептің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, ҚҚС артық сомасын қайтару тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарының анықталуына байланысты, қайтаруға жатпайтын ҚҚС артық сомасына азайтылған, қайтаруға қойылған сомалардың шегінде жүргізіледі.
      Бұл ретте, қайтаруға жататын ҚҚС артық сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
      1) салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді;
      2) мына сомалардың ең азы белгіленеді:
      осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы
      және
      тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы;
      3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС артық сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіпте айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.
      Қайтаруға жатқызылған ҚҚС артық сомасын айқындау мысалдары осы Нұсқаулықтың 56-қосымшаларында келтірілген.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.25 № 350 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. ҚҚС артықшылығының қалған сомасын қайтару Салық кодексінің 635-бабының 10-тармағында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің осы соманы келесі салық кезеңіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талабына енгізу және (немесе) бұзушылықтары жойылған тиісті салық кезеңіндегі ҚҚС артықшылығын қайтару туралы салық өтінішін ұсыну жолымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарын жоюына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізуге жауапты салық органының лауазымды тұлғасы міндетті түрде осындай жеткізушілер бойынша талдамалық есептің нәтижелерін талдайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.25 № 350 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.25 № 350 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды
(салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары
қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері

№№
р.с.

Өлшемдердің атауы

Балл саны

1.

Соңғы күнтізбелік жылға Республика бойынша қалыптасқан салық жүктемесінің коэффициентінің (бұдан әрі - СЖК) орташа салалық мәнінен төмен салық төлеушінің СЖК

10

2.

Кезекті үш жыл бойына салық төлеуші көрсеткен залал

10

3.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезең үшін екі еседен аса азайтуға ҚҚС бойынша қосымша есептілік табыс ету

10

4.

Соңғы 3 жылда ҚҚС бойынша есепке жатқызудың тұрақты асып кетуі

5

5.

Салық төлеушіге ұзақ уақыт бойы (үш жылдан аса) кешенді салық тексеруі жүргізілмеген

5

6.

Соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптардың өзара есеп айырысуларының болуы

5

7.

Соңғы 5 жылда күмәнді мәмілелерді жүзеге асыру (жалған кәсіпорындармен, салық есептілігін табыс етпейтін немесе нөлді салық есептілігін табыс ететін, сондай-ақ әрекетсіз, ҚҚС бойынша есептен шығарылған, таратылған және банкрот салық төлеушілермен)

35

8.

Тіркеу есебінің көрсеткіштеріне сәйкес салық міндеттемелерін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы бар салаларда қызметін жүзеге асыру (құрылыс, сауда)

10

9.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған расталған бұзушылықтардың болуы

5

10.

Соңғы 5 жылда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бағасынан төмен бағада өткізу (қолда бар ақпараттар бойынша, оның ішінде алдыңғы салық тексерулері бойынша)

10

11.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде шығарып берілген № 10 хабарламаның болуы

5

12.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде мынадай фактілердің бірінің немесе бірнешеуінің болуы:
ҚҚС артуын қайтару туралы талап қамтылған ҚҚС бойынша бастапқы декларацияны табыс ету;
Салық төлеушінің қайта тіркелуі;
Салық төлеушінің орналасқан орнын ауыстыруы

10

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша         

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша         

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша         

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша           

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.25 № 350 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

      Салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді – 150 м.т.

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша           

      Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.25 № 350 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

      Қайтаруға ұсынылған ҚҚС артуының сомасынан мына сомалардың ең азы алынып тасталады: осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы және тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы - 1 000 м.т.

Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 385. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2010 года № 6398. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 193

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 15.04.2013 № 193.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость.
      2. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации в установленном законодательством порядке;
      2) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев

Утверждена         
приказом Министра финансов 
Республики Казахстан    
от 29 июля 2010 года № 385 

Инструкция
по применению Системы управления рисками
в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и детализирует порядок отнесения налогоплательщиков, представивших требование (налоговое заявление) о возврате превышения налога на добавленную стоимость (далее – НДС), к степени риска с целью подтверждения превышения НДС, подлежащего возврату.
      2. Настоящая Инструкция применяется исключительно при проведении внеплановых проверок по подтверждению достоверности сумм НДС, предъявленных к возврату согласно требованиям (налоговым заявлениям) о возврате превышения НДС.
      3. Настоящая Инструкция по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость (далее - Инструкция) не распространяется на следующих налогоплательщиков:
      1) состоящих на мониторинге крупных налогоплательщиков;
      2) производителей товаров собственного производства, а также их торговые дома, реализующие товары таких производителей;
      3) осуществляющих деятельность в рамках контракта на недропользование.
      4. При поступлении от плательщика НДС требования (налогового заявления) о возврате превышения НДС налоговый орган назначает проведение соответствующей тематической налоговой проверки по подтверждению достоверности сумм НДС, предъявленных к возврату.
      5. Одновременно с использованием критериев Системы управления рисками согласно приложению 1 к настоящей Инструкции тестируются показатели деятельности плательщика НДС, представившего требование (налоговое заявление) о возврате превышения НДС.
      6. Баллы по критериям риска суммируются для определения общего суммарного итога по всем критериям. Данный итог используется для отнесения налогоплательщиков к степени риска.
      7. В случае если суммарный итог баллов по результатам тестирования составляет тридцать пять и более баллов, налогоплательщик относится к степени риска.
      8. В случае если суммарный итог баллов по результатам тестирования составляет менее тридцати пяти баллов, но в деятельности налогоплательщика усматриваются признаки уклонения от уплаты налогов, подпадающие под схемы, предусмотренные в приложениях 2-4 к настоящей Инструкции, налоговый орган вправе отнести такого налогоплательщика к степени риска.
      При этом признаками уклонения от уплаты налогов являются:
      1) заключение сделок с целью получения права на зачет сумм НДС без соответствующего движения товара, работ, услуг;
      2) заключение сделок с целью увеличения добавленной стоимости товара, соответственно, наращивания дебетового сальдо по НДС.
      9. В отношении налогоплательщиков, отнесенных к степени риска, налоговый орган формирует аналитический отчет "Пирамида по поставщикам" (далее – аналитический отчет) по поставщикам товаров, работ, услуг.
      10. В случае если при формировании аналитического отчета установлен поставщик, являющийся налогоплательщиком:
      состоящим на мониторинге крупных налогоплательщиков;
      производящим товары собственного производства, в том числе налогоплательщиком-сельхозтоваропроизводителем;
      осуществляющим деятельность в рамках контракта на недропользование, то налоговый орган прекращает дальнейшее формирование аналитического отчета по поставщикам такого налогоплательщика.
      11. В случае выявления по результатам аналитического отчета у поставщиков товаров, работ, услуг нарушений налогового законодательства, возврат суммы превышения НДС производится в пределах предъявленных сумм, уменьшенных на суммы превышения НДС, не подлежащие возврату в связи с установлением у поставщиков товаров, работ, услуг нарушений налогового законодательства.
      При этом сумма превышения НДС, подлежащая возврату, определяется в следующем порядке:
      1) устанавливается наименьшая из сумм НДС, отнесенных в зачет поставщиками товаров, работ, услуг начиная от каждого налогоплательщика, по которому установлены нарушения налогового законодательства, до плательщика НДС, представившего требование (налоговое заявление) о возврате превышения НДС;
      2) устанавливается наименьшая из следующих сумм:
      суммы НДС, суммарно сложившейся из сумм НДС, определеянных в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта
      и
      суммы НДС, отнесенной в зачет плательщиком НДС, представившим требование (налоговое заявление) о возврате превышения НДС, от непосредственного поставщика;
      3) из предъявленной к возврату суммы превышения НДС вычитаются суммы НДС, определенные в порядке, указанном в подпункте 2) настоящего пункта.
      Примеры определения суммы превышения НДС, подлежащей возврату, приведены в приложениях 5 и 6 к настоящей Инструкции.
      Сноска. Пункт 11 в редакции приказа Министра финансов РК от 25.07.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      12. Возврат оставшейся суммы превышения НДС, за исключением случаев, указанных в пункте 10 статьи 635 Налогового кодекса и  пункте 11 статьи 25 Закона Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), производится по мере устранения поставщиками товаров, работ, услуг нарушений налогового законодательства путем включения налогоплательщиком данной суммы в требование о возврате, указанном в декларации по НДС за последующие налоговые периоды, и (или) представления налогового заявления о возврате превышения НДС за соответствующий налоговый период, по которому устранены нарушения. При этом должностным лицом налогового органа, ответственным за проведение тематической проверки по подтверждению достоверности сумм НДС, предъявленных к возврату, в обязательном порядке анализируются результаты аналитического отчета по таким поставщикам.
      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра финансов РК от 25.07.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

Приложение 1          
к Инструкции по применению   
Системы управления рисками в  
целях возврата превышения налога
на добавленную стоимость    

                              Критерии
  Системы управления рисками, подлежащие использованию органами
     налоговой службы при рассмотрении требований (налоговых
      заявлений) о возврате превышения налога на добавленную
                           стоимость

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 25.07.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

№ №
п.п.

Наименование критерия

Количество
баллов

1.

Коэффициент налоговой нагрузки (далее - КНН) налогоплательщика ниже среднеотраслевого значения КНН, сложившегося по республике за последний календарный год

10

2.

Отражение налогоплательщиком убытка на протяжении трех последовательных лет

10

3.

Представление за двенадцатимесячный период, предшествующий дате представления требования (налогового заявления) о возврате превышения НДС, дополнительной отчетности по НДС на уменьшение более двух раз

10

4.

Постоянное превышение зачета по НДС за последние 3 года

5

5.

Налогоплательщик длительное время (более трех лет) не подвергался комплексной налоговой проверке

5

6.

Наличие взаиморасчетов с взаимосвязанными сторонами, определяемое в соответствии с законодательством Республики Казахстан, за последние 3 года

5

7.

Осуществление сомнительных сделок (с лжепредприятиями, налогоплательщиками, не представляющими или представляющими нулевую налоговую отчетность, а также бездействующими, снятыми с учета по НДС, ликвидированными и банкротами) за последние 5 лет

35

8.

Осуществление деятельности в сферах повышенного риска с вероятностью неисполнения и (или) неполного исполнения налогового обязательства (строительство, торговля) согласно регистрационным данным

10

9.

Наличие в двенадцатимесячном периоде, предшествующем дате представления требования (налогового заявления) о возврате превышения НДС, подтвержденных нарушений, выявленных по результатам камерального контроля

5

10.

Реализация товаров, работ, услуг по ценам ниже цены приобретения (по имеющейся информации, в т.ч. по результатам предыдущих налоговых проверок) за последние 5 лет

10

11.

Наличие в двенадцатимесячном периоде, предшествующем дате представления требования (налогового заявления) о возврате превышения НДС, выставленного уведомления № 10

5

12.

Наличие в двенадцатимесячном периоде, предшествующем дате представления требования (налогового заявления) о возврате превышения НДС, одного или нескольких из следующих фактов: представление первоначальной декларации по НДС, содержащей требование о возврате превышения НДС; перерегистрация налогоплательщика; смена места нахождения налогоплательщика

10

Приложение 2          
к Инструкции по применению   
Системы управления рисками в  
целях возврата превышения налога
на добавленную стоимость    

Приложение 3          
к Инструкции по применению   
Системы управления рисками в  
целях возврата превышения налога
на добавленную стоимость    

Приложение 4          
к Инструкции по применению   
Системы управления рисками в  
целях возврата превышения налога
на добавленную стоимость    

Приложение 5        
к Инструкции по применению  
Системы управления рисками в 
целях возврата превышения  
налога на добавленную стоимость

Пример определения суммы превышения НДС, подлежащей возврату

      Сноска. Инструкция дополнена приложением 5 в соответствии с приказом Министра финансов РК от 25.07.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Из предъявленной к возврату-суммы превышения НДС исключается наименьшая из сумм НДС, отнесенных в зачет поставщиками товаров, работ, услуг от налогоплательщика, по которому установлены нарушения налогового законодательства, до плательщика НДС, представившего требование (налоговое заявление) о возврате превышения НДС - 150 т.т.

Приложение 6       
к Инструкции по применению 
Системы управления рисками в
целях возврата превышения  
налога на добавленную стоимость

Пример определения суммы превышения НДС, подлежащей возврату

      Сноска. Инструкция дополнена приложением 6 в соответствии с приказом Министра финансов РК от 25.07.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Из предъявленной к возврату суммы превышения НДС исключается наименьшая из следующих сумм: суммы НДС, суммарно сложившейся из сумм НДС, определенных в соответствии с подпунктом 1) пункта 11 настоящей Инструкции, и суммы НДС, отнесенной в зачет плательщиком НДС, представившим требование (налоговое заявление) о возврате превышения НДС, от непосредственного поставщика - 1 000 т.т.