Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 451 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарда № 9-12-149 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 13 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012.05.29 № 303 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7–бабының 5-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012.05.29 № 303 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу жөніндегі шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012.05.29 № 303 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 15 декабря 2010 года № 451. Зарегистрировано Управлением юстиции Карабалыкского района Костанайской области 19 января 2011 года № 9-12-149. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 2 февраля 2016 года № 13

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 02.02.2016 № 13 (вводится в действие со дня его подписания).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата Карабалыкского района Костанайской области от 29.05.2012 № 303 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       В соответствии с подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Карабалыкского района Костанайской области от 29.05.2012 № 303 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Карабалыкского района" принять меры по содействию в трудоустройстве лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в соответствии с квотой.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления акимата Карабалыкского района Костанайской области от 29.05.2012 № 303 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Исенбаева М.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Ф. Филиппов