Черниговское селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 09/01 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде N 8-14-144 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 28/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 28/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара және ұсақ малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Черниговское селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесiн бекiту туралы" N 367 бұйрығымен бекітілген Жеке және Заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларының Ережесiнің 7 тармағымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) көзделген талаптарына сәйкес ірі қара және ұсақ мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Нұра ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттылығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" N 632 бұйрығымен (бұдан әрі-Бұйрық) бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген қажет ветеринарлық-санитарлық шараларды өткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Әрінов Еркін Пшенбайұлына (келісім бойынша) Бұйрықпен бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байдолла Қараұлы Шайжановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндеттерін атқарушысы                     Д. Мақсұтов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
      Е.П. Әрінов
      28.04.2011 жыл

Об установлении ограничительных мероприятий на территории Черниговского сельского округа

Постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 28 апреля 2011 года N 09/01. Зарегистрировано Управлением юстиции Нуринского района Карагандинской области 29 апреля 2011 года N 8-14-144. Утратило силу - постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 19 января 2012 года N 28/01

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 19.01.2012 N 28/01.

      В соответствии с подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В связи с болезнью крупного и мелкого рогатого скота (бруцеллез) установить ограничительные мероприятия по бруцеллезу на территории Черниговского сельского округа.
      2. Владельцам крупного и мелкого рогатого скота принять меры по исполнению ограничительных мероприятий согласно требований предусмотренных пунктом 7 Правил организации и осуществления ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами, утвержденных Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 ноября 2002 года "Об утверждении Правил организации и осуществления ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридичеcкими лицами" N 367 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 18 декабря 2002 года N 2088).
      3. Отделу сельского хозяйства и ветеринарии Нуринского района в целях недопущения распространения заразного заболевания животных (бруцеллез) и достижения ветеринарно-санитарного благополучия в выявленных эпизоотических очагах, провести необходимые ветеринарно-санитарные мероприятия установленные главой 9 ветеринарно-санитарных и санитарно-эпидемиологических Правил по профилактике и борьбе с заразными болезнями, общими для человека и животных (бруцеллез), утвержденных Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 ноября 2004 года "Об утверждении ветеринарно-санитарных и санитарно-эпидемиологических Правил по профилактике и борьбе с заразными болезнями, общими для человека и животных (бруцеллез)" N 632 (далее-Приказ) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 9 декабря 2004 года под N 3252).
      4. Рекомендовать начальнику Нуринской районной территориальной инспекции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Аринову Еркину Пшенбаевичу (по согласованию) обеспечить выполнение ограничительных мероприятий предусмотренных главой 9 ветеринарно-санитарных и санитарно-эпидемиологических Правил по профилактике и борьбе с заразными болезнями, общими для человека и животных (бруцеллез), утвержденных Приказом.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Шайжанова Байдолла Караевича.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района                               Д. Максутов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Начальник Нуринской районной
      территориальной инспекции
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      Аринов Е.П.
      28.04.2011 год