Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 13 шілдедегі N 108 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 тамызда N 12-4-103 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 08 мамырдағы N 91/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 08.05.2013 N 91/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының  5-5) және 5-6) тармақшаларына, 9-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушіге тиісті жолдама беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З.Ысқақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Ташенов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Актогайского района Павлодарской области от 13 июля 2011 года N 108. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 02 августа 2011 года N 12-4-103. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 08 мая 2013 года N 91/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 08.05.2013 N 91/1.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7, подпунктом 4) пункта 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в трудоустройстве, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Актогайском районе в размере один процент от общей численности рабочих мест в организациях и предприятиях Актогайского района, независимо от формы собственности.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Актогайского района" обеспечить содействие в трудоустройстве на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      3. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Искакову Б. З.
      4. Данное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района                               Ж. Ташенев