"Петропавл қаласында үй иттері мен мысықтарын ұстау ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IX сессиясының 2001 жылғы 15 наурыздағы N 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 4 тамызда N 13-1-200 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі N 3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.09.18 N 3 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 аңтардағы № 155 кодексі 3-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Петропавл қаласында үй иттері мен мысықтарды бағып қағу ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2001 жылдың 15 наурыздағы IX сессиясының № 8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 277 тіркелген, 2001 жылдың 10 сәуірдегі № 12 «Добрый вечер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      үй иттері мен мысықтарын ұстау ережесінің 1.9-тармағынан «аулауға жатады» фразасы шығарылсын, «қаланың басқа да ұйымдары» сөздерінен кейін «қараусыз деп саналады және міндетті аулауға жатады» сөздерімен толықтырылсын;
      үй иттері мен мысықтарын ұстау ережесінің 1-тарауы мынадай мазмұндағы 1.10–тармағымен толықтырылсын:
      «1.10 Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаудың тәртібі мен талаптары реттелген, бағалық ұсыныс сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органмен шарт жасаған мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлер қызметінің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі» 1.10-тармағымен толықтырылсын.
      2. Осы шешім ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат                           Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      А. Мишин                                   Р. Сыздықов

О внесении изменений и дополнений в решение IX сессии Петропавловского городского маслихата от 15 марта 2001 года N 8 "О правилах содержания домашних собак и кошек в городе Петропавловске"

Решение маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 26 июля 2011 года N 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 4 августа 2011 года N 13-1-200. Утратило силу - решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 18 сентября 2012 года N 3

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 18.09.2012 N 3

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» от 30 января 2001 года № 155, со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года № 213 «О нормативных правовых актах» Петропавловский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. В решение IХ сессии Петропавловского городского маслихата от 15 марта 2001 года № 8 «О правилах содержания домашних собак и кошек в г. Петропавловске» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 277, опубликовано в газете «Добрый вечер» № 12 от 10 апреля 2001 года) внести следующие изменения и дополнения:
      из пункта 1.9. правил содержания домашних собак и кошек фразу «подлежат отлову» исключить, после слов «прочих организаций города» дополнить словами «считаются безнадзорными и подлежат обязательному отлову»;
      главу 1 правил содержания домашних собак и кошек дополнить пунктом 1.10 следующего содержания:
      «1.10. Отлов безнадзорных собак и кошек осуществляется специализированными организациями, заключившими договор с местным исполнительным органом посредством проведения государственных закупок, в котором регламентируются порядок и условия отлова. Техническое обеспечение деятельности работников по отлову безнадзорных собак и кошек возлагается на организацию, осуществляющую отлов».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней официального опубликования.

      Председатель сессии                        Секретарь
      городского маслихата                       городского маслихата
      А. Мишин                                   Р. Сыздыков