Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 51/300 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 қаңтарда N 14-5-123 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 4/21 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек  ауданы мәслихатының 2012.06.08 № 4/21 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1.Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы:    А.Құлымбет

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              С.Спабеков

      Бәйдібек аудандық мәслихаттың
      20 желтоқсан 2011 жылғы
      № 51/300 шешімімен бекітілген

      Бәйдібек ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы

      1. Жалпы ережелер

      1. Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау ережесі Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген және Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау тәртібін белгілейді.

      2. Иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау тәртiбi

      2. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
      3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кiргiзу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
      4. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:
      1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын, көпшiлiк шаралар өткiзiлетiн алаңдарда серуендетуге;
      3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
      4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге иттердi серуендетуге;
      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
      6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      7) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарына ұстауға.
      5. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
      6. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
      1) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзiнiң тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса ит пен мысықты тұратын тұрғын жайда ұстауға;
      2) иттердi тұмылдырықсыз және шылбырсыз елдi мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат берiледi.

      3. Қорытынды ережелер

      8.Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Байдибекском районе

Решение маслихата Байдибекского района Южно-Казахстанской области от 20 декабря 2011 года N 51/300. Зарегистрировано Управлением юстиции Байдибекского района Южно-Казахстанской области 19 января 2012 года N 14-5-123. Утратило силу - решением Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 8 июня 2012 года № 4/21

      Сноска. Утратило силу - решением Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 08.06.2012 № 4/21.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 и статьи 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила содержания собак и кошек в Байдибекском районе согласно приложению.
      2. Настоящее решение вступает в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования. 

      Председатель сессии районного маслихата:   А.Кулымбет

      Секретарь районного маслихата:             С.Спабеков

      Утверждено решением Байдибекского
      районного маслихата от 20 декабря
      2011 года № 51/300

      Правила
содержания собак и кошек в населенных пунктах
Байдибекского района       1. Общие правила

      1. Правила содержания собак и кошек в Байдибекском районе разработано в соответствии c пунктом 2 статьи 3 и статьи 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и определяет порядок содержания собак и кошек в Байдибекском районе.

      2. Порядок содержания собак и кошек

      2. Собаки и кошки идентифицируются путем выдачи индивидуальных ветеринарных паспортов.
      3. Передача, продажа, купля, а также вывоз, ввоз собак и кошек за пределы района, разрешается при наличии ветеринарного паспорта с отметкой «сделана прививка против бешенства».
      4. Не допускается следующее:
      1) содержание незарегистрированных (не состоящих на учете) и не вакцинированных собак и кошек;
      2) выгуливать собак и кошек на детских площадках, во дворах многоквартирных жилых домов и в местах проведения общественных мероприятий;
      3) выгул собак без намордника и на длинном поводке;
      4) выгуливать собак лицам, в нетрезвом состоянии и детям до 14 лет;
      5) купать собак и кошек в местах, предназначенных для купания людей, в фонтанах и водоемах;
      6) организация приютов и питомников в квартирах жилого фонда и в индивидуальных жилых домах для любых видов собак и кошек;
      7) содержание собак и кошек в местах общего пользования многоквартирных жилых домов и общежитиях.
      5. Собаки и кошки, укусившие людей либо животных, немедленно доставляются в ближайшее лечебное ветеринарное учреждение для изоляции и наблюдения.
      6. Содержание собак и кошек осуществляется в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и нормативами.
      7. Разрешается, при условии соблюдения санитарно-гигиенических, зоогигиенических требований и настоящих Правил:
      1) содержание собак и кошек в жилых помещениях (в коммунальных квартирах), проживающими несколькими семьями, лишь на своей жилой площади с письменного согласия всех проживающих в квартире, при отсутствии у соседей медицинских противопоказаний (аллергия).
      2) содержать собак без намордника и ошейника вне зоны населенного пункта, стадах и отарах.

      3. Заключительные положения

      8. Ответственности за нарушение настоящих Правил определяется законодательством Республики Казахстан.