Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7643 тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Банктер туралы заң), 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы  «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәртібі мен талаптарын анықтайды.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.
      Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.»;
      6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия қор биржасына, орталық депозитарийге, банкаралық ақша аудару жүйесінің операторына беріледі.
      Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын қор биржасы, орталық депозитарий, осы көрсетілген заңды тұлғаларда Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар болғанда, жүзеге асырады.»;
      17-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

О внесении изменений в постановление Правления АгентстваРеспублики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года № 168 "Об утверждении Правил лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций и внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 54 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций на основании лицензии уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 123. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 мая 2012 года № 7643

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года№ 168 «Об утверждении Правил лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций и внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 54 «О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций на основании лицензии уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4873)следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций»;
      в Правилах лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, утвержденных указанным постановлением:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «Настоящие Правила лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» (далее - Закон о банках), от 23 декабря 1995 года «Об ипотеке недвижимого имущества» (далее - Закон об ипотеке недвижимого имущества), от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг», от 4 июля 2003 года «О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций», от 11 января 2007 года «О лицензировании» (далее - Закон о лицензировании) и определяют порядок и условия лицензирования организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, лицензирование которых относится к компетенции Комитета по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган).»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Лицензия небанковской организации выдается на проведение одной или нескольких банковских операций, предусмотренных Законом о банках, за исключением банковских операций, которые могут осуществлять только банки.
      Банковская заемная операция, проводимая небанковской организацией, не совмещается с другими видами банковских операций.»;
      пункты 6 и 7 исключить;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Лицензия на проведение банковской операции, предусмотренной подпунктом 6) пункта 2 статьи 30 Закона о банках, выдается фондовой бирже, центральному депозитарию, оператору межбанковской системы переводов денег.
      Банковская операция, предусмотренная подпунктом 6) пункта 2 статьи 30 Закона о банках, осуществляется фондовой биржей, центральным депозитарием при наличии у указанных юридических лиц лицензии уполномоченного органа на проведение банковских операций, предусмотренных подпунктами 1) и (или) 3) пункта 2 статьи 30 Закона о банках.»;
      пункт 17 исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко