Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Атырау облысы "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 278 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда № 2660 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 353 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындарының жалпы санының:
      1) мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жыл сайын квота белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Барақатов

Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району

Постановление ГУ "Аппарата акима Макатского района" Атырауской области от 6 декабря 2012 года № 278. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 20 декабря 2012 года № 2660. Утратило силу постановлением Макатского районного акимата Атырауской области от 29 декабря 2014 года № 353

      Сноска. Утратило силу постановлением Макатского районного акимата Атырауской области от 29.12.2014 № 353.
      Руководствуясь статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в сответствии с подпунктами 5-2), 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства на предприятиях, организациях и учреждениях на территории района независимо от формы собственности:
      1) для инвалидов в размере трех процентов;
      2) для лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Обеспечить опубликование настоящего постановления на интернет-ресурсе государственного учреждения "Отдела занятости и социальных программ Атырауской области Макатского района"
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Хасанову П.М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Баракатов А.