Жәнібек ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдеде № 5-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 тамызда № 7-6-145 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы N 19-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы мәслихатының 20.11.2013 N 19-3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жәнібек аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50000 (елу мың) теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың басқа некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) - 10000 (оң мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқада еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 (он мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерімен марапатталған адамдарға– 5000 (бес мың) теңге;
      мемлекеттiк наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет атқарған) адамдарға – 3 000 (үш мың) теңге;
      2) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы – 10000 (он мың) теңге;
      3) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, біржолғы – 10 000 (он мың) теңге;
      4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларға, біржолғы – 10000 (он мың) теңге;
      5) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілер отбасыларына, біржолғы - 10 000 (он мың) теңге;
      6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, біржолғы – 5 000 (бес мың) теңге;
      7) 100 жасқа толған және одан асқан азаматтарға, біржолғы көмек – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық ауруымен, туберкулезбен ауратын азаматтарға, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) өрттен, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған азаматтарға (отбасыларға), біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну;
      11) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік - кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға, біржолғы - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      12) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға -10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      13) "Капустин Яр" және Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
      бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      екінші топ мүгедектеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      үшінші топ мүгедектеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-101 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде "Шұғыла" аудандық газетінде № 15 жарияланған);
      2) Жәнібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 31-3 "Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-122 тіркелген, 2011 жылғы 1 мамырда "Шұғыла" аудандық газетінде № 20 жарияланған);
      3) Жәнібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 32-2 "Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-125 тіркелген, 2011 жылғы 15 шілдеде "Шұғыла" аудандық газетінде № 29 жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының
      төрағасы                         А. Ө. Аяпов
      Мәслихат хатшысы                 Т. З. Кадимов

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Жанибекском районе

Решение Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16 июля 2012 года № 5-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 6 августа 2012 года № 7-6-145. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20 ноября 2013 года № 19-3

      Сноска. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20.11.2013 № 19-3.

      В соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Жанибекский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан в Жанибекском районе:
      1) к государственному празднику Дню Победы:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;
      женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, которые не вступали в другой брак – 10000 (десять тысяч) тенге;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 10000 (десять тысяч) тенге;
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 5000 (пять тысяч) тенге;
      лицам, не награжденным государственными наградами, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года - 3000 (три тысяча) тенге;
      2) военнообязанным, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий, единовременно – 10000 (десять тысяч) тенге;
      3) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях и учениях, единовременно – 10000 (десять тысяч) тенге;
      4) семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний, единовременно - 10000 (десять тысяч) тенге;
      5) семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, единовременно – 10000 (десять тысячи) тенге;
      6) детям- инвалидам до восемнадцати лет, единовременно – 5000 (пять тысяч) тенге;
      7) гражданам, достигшим 100 лет и более единовременно в размере 10 месячных расчетных показателей;
      8) гражданам, больным онкологическими заболеваниями, туберкулезом проходящим лечение и состоящим на учете в организациях здравоохранения, единовременно в размере 15 месячных расчетных показателей;
      9) гражданам (семьям), пострадавшим от пожара, наводнения, другого стихийного бедствия природного и техногенного характера, единовременно в размере 30 месячных расчетных показателей;
      10) участникам, инвалидам войны и приравненным к ним лицам, их вдовам, семьям погибших военнослужащих, гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, на предоставление санаторно-курортного лечения, в пределах средств предусмотренных местным бюджетом;
      11) малообеспеченным гражданам, выезжающим на лечение за пределы района на основании заключения врачебно-консультативной комиссии и направления врача, единовременно в размере 10 месячных расчетных показателей;
      12) лицу, осуществившему погребение малообеспеченного гражданина в размере 10 месячных расчетных показателей;
      13) населению, пострадавшему от воздействия испытательных ядерных полигонов "Капустин Яр" и "Азгир":
      инвалидам с детства, детям инвалидам до восемнадцати лет и инвалидам общего заболевания 1 группы ежемесячно в размере 2 месячных расчетных показателей;
      инвалидам 2 группы ежемесячно в размере 1,5 месячных расчетных показателей;
      инвалидам 3 группы ежемесячно в размере 1 месячный расчетный показатель.
      2. Признать утратившими силу:
      1) решение Жанибекского районного маслихата "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 23 февраля 2010 года № 22-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7-6-101, опубликовано 9 апреля 2010 года в районной газете "Шұғыла" № 15);
      2) решение Жанибекского районного маслихата "О внесении изменений и дополнений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 5 апреля 2011 года № 31-3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7-6-122, опубликовано 1 мая 2011 года в районной газете "Шұғыла" № 20);
      3) решение Жанибекского районного маслихата "О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 15 июня 2011 года № 32-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7-6-125, опубликовано 15 июля 2011 года в районной газете "Шұғыла" № 29).
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата                        А. У. Аяпов
      Секретарь маслихата              Т. З. Кадимов