Мұғалжар селосында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосынының әкімінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 ақпанда № 3538 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосынының әкімінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосынының әкімінің 19.04.2013 № 2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 1-26/52 ұсынысының негізінде Мұғалжар селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауданының Мұғалжар селосында құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) осы шешiмнен туындайтын шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мұғалжар селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.Нариковаға жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар селосының әкімі                Ғ.Дәрімбетов

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Мугалжар

Решение акима села Мугалжар Мугалжарского района Актюбинской области от 18 февраля 2013 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 20 февраля 2013 года № 3538. Утратило силу решением акима села Мугалжар Мугалжарского района Актюбинской области от 19 апреля 2013 года № 2

      Сноска. Утратило силу решением акима села Мугалжар Мугалжарского района Актюбинской области от 19.04.2013 № 2

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Мугалжарской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 февраля 2013 года № 1-26/52, аким села Мугалжар РЕШИЛ:
      1. Установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий, в связи с выявлением очага бешенства в селе Мугалжар Мугалжарского района.
      2. Рекомендовать государственному учреждению «Мугалжарская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» (по согласованию), принять меры вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста государственного учреждения «Аппарат акима села Мугалжар» Б.Нарикову.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким села Мугалжар                        Г.Даримбетов