Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № ХІІІ-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 мамырда № 2719 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 маусымдағы № XIV-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013.06.10 № XIV-1 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту,аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы:                           А. Есенжанов

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Бейсқали

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Решение Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 19 апреля 2013 года № ХІІІ-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 04 мая 2013 года за № 2719. Утратило силу - решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 10 июня 2013 № ХIV-1

      Сноска. Утратило силу - решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 10.06.2013 № ХIV-1
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кызылкогинского района в размере 5000 (пяти тысяч) тенге за счет средств районного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (О. Жаныкулов) Кызылкогинского районного маслихата по вопросам бюджета, финансов, экономики, развития предпринимательства, аграрии и экологии.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        А. Есенжанов

      Секретарь маслихата                        Т. Бейскали