2015 жылға Атбасар ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № а-12/549 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4529 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауда неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:

      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;

      2) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);

      3) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамдарды жоқ тұлғалар;

      4) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;

      5) елу жастан зейнеткерлік жасқа дейін жеткен тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

      6) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ш.Е.Бекмағамбетоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудан әкімі А.Никишов

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год в Атбасарском районе

Постановление акимата Атбасарского района Акмолинской области от 2 декабря 2014 года № а-12/549. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 декабря 2014 года № 4529

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 23 января 2001 года «О занятости населения» в целях оказания содействия занятости лицам, входящим в состав целевых групп и наиболее нуждающихся в социальной защите, акимат Атбасарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения:
      1) молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет включительно;
      2) лица, длительно не работающие (более одного года);
      3) лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      4) лица, ранее не работавшие;
      5) лица от пятидесяти лет до достижения предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      6) выпускники учебных заведений технического и профессионального образования.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атбасарского района Бекмаганбетову Ш.Е.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Атбасарского района                   А.Никишов