Аққора елді мекенінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 2927 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 15.12.2014 № 44 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2014 жылғы 11-сәуірдегі № 112 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аққора елді мекені аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А. Нысановқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округінің әкімі:              Е. Иғали

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері            С. Тайшыбай
"30" мамыр 2014 жыл

"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Қызылқоға аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы                     Ш. Асауова
"30" мамыр 2014 жыл

Об установлении ограничительных мероприятий на территории населенного пункта Аккора

Решение акима Уильского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 30 мая 2014 года № 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 3 июня 2014 года № 2927. Утратило силу решением акима Уильского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 15 декабря 2014 года № 44

      Сноска. Утратило силу решением акима Уильского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 15.12.2014 № 44 (вводится в действие со дня его подсписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправления в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления исполняющего обязанности главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Кызылкогинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" за № 112 от 11 апреля 2014 года РЕШИЛ:
      1. В связи с выявлением эпизоотического очага бруцеллеза мелкого рогатого скота на территории населенного пункта Аккора установить ограничительные мероприятий.
      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Кызылкогинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), Республиканскому государственному учреждению "Кзылкогинское районное управление по защите прав потребителей Департамента по защите прав потребителей Атырауской области Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста аппарата акима Уильского сельского округа Нысанова А.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Уильского сельского округа
      СОГЛАСОВАНО:
      Главный врач коммунального государственного
      предприятия на праве хозяйственного ведения
      "Кызылкогинская центральная районная больница"
      Управления здравоохранения Атырауской области
      "30" мая 2014 год
      Исполняющий обязанности руководителя
      Республиканского государственного учреждения
      "Кзылкогинское районное управление по
      защите прав потребителей Департамента по
      защите прав потребителей Атырауской области
      Агентства Республики Казахстан по защите прав
      потребителей"
      "30" мая 2014 год

Е. Игали
 
 
 
 
С. Тайшыбай
 
 
 
 
 
 
 
Ш. Асауова