Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 212 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 2748 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.      

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1 тармағының 17-3) тармақшасына және «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының төмендегі тізбесі бекітілсін:
      Жануарлардың бірнеше түріне ортақ аурулар – пироплазмоздар, тейлериоздар;
      Жылқы аурулары – нутталлиоз;
      Түйе аурулары – су-ауру.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановқа жүктелсін.      

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Бектаев А.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.

Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 4 июля 2014 года № 212. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 31 июля 2014 года № 2748. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 18 ноября 2015 года № 354

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 18.11.2015 № 354.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 17-3) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 814 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил», акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить нижеследующий перечень энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств:
      Болезни, общие нескольким видам животных – пироплазмозы, тейлериозы;
      Болезни лошадей – нутталлиоз;
      Болезни верблюдов – су-ауру.
      2. Государственному учреждению «Управление сельского хозяйства Южно-Казахстанской области» в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе «Әділет»;
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Оспанова Б.      

      Аким области                               А. Мырзахметов

      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Бектаев А.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.