Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3232 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2022 № 21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың XXХІІІ сессиясының
төрағасы - хатшысы
Қ. Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2015 жылғы 19
наурыздағы № 33/5 шешімімен
бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 246 бабына және "Жануарларға қарау қағидалары" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 Бұйрығына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;

      2) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;

      3) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 23.01.2017 № 10/4 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

      3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары) (бұдан әрі - Ұйым) жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 3/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

      2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;

      3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

      4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.

      Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.

      5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлері жүзеге асырады.

      6. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.

      7. Ұйым жануарларды аулау, оларды ұйықтату және тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға арналған жабдықтармен және құралдармен (ілмекті аулау құралдары және/немесе фармокологиялық дәрі-дәрмек салынған пневматикалық винтовкалармен) жасақталады.

      8. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.

      9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

      10. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:

      1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;

      2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықты қолдануға;

      3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;

      4) адамдарға бағыттап атуға.

      11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеге жеткізіледі.

      12. Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.

      13. Ауланған қаңғыбас ит пен мысықтар туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемелерге тасымалдау

      14. Жануарларды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      15. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оаған қоса жануарларды арту мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және /немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.

      16. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейталап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.

      17. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз жануарлар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде ұстау

      18. Уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.

      19. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.

      20. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

      21. Екі ай ішінде ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар өлтірілуге жатады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

      22. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен өлтіруге жатады.

      23. Жануарларды өлтіру басқа жануарлар ұсталатын жайлардан бөлек орналасқан арнайыландырылған жайда жүргізіледі.

      24. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.

      25. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.

6. Қорытынды ереже

      26. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      27. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Северо-Казахстанской области от 19 марта 2015 года № 33/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 24 апреля 2015 года № 3232. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 28 сентября 2022 года № 21/5

      Сноска. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 28.09.2022 № 21/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХХХІІІ сессии – секретарь
Северо-Казахстанского областного маслихата
К. Едресов

  Утверждены
решением Северо-Казахстанского
областного маслихата
от 19 марта 2015 года № 33/5

Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области (далее Правила) разработаны в соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", статьей 246 Гражданского Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года и Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 16-02/701 "Правила обращения с животными" и определяют порядок отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) животные – биологические объекты, принадлежащие фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;

      2) эвтаназия животных – гуманные методы умерщвления животных, исключающие их предсмертные страдания;

      3) домашние животные – собаки, кошки и другие животные, которые в течение продолжительного исторического периода традиционно содержатся и разводятся человеком, а также животные видов или пород, искусственно выведенных человеком для удовлетворения эстетических нужд и не имеющих, жизнеспособных диких популяций, состоящих из особей с аналогичными морфологическими признаками, и существующих продолжительное время в их естественном ареале.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Северо-Казахстанского областного маслихата от 23.01.2017 №10/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Отлов бродячих собак и кошек

      3. Отлов, транспортировку, временное содержание и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляют государственные ветеринарные организации, созданные местным исполнительным органом области (ветеринарные станции районов и города Петропавловска), осуществляющие деятельность в области ветеринарии (далее - Организация).

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 17.03.2021 № 3/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Отлов осуществляется в целях:

      1) предупреждения угрозы жизни и здоровью людей;

      2) предупреждения и ликвидации болезней животных и их последствий;

      3) защиты населения от болезней, общих для человека и животных;

      4) регулирования численности бродячих собак и кошек.

      Отлов организуется и проводится с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманности.

      5. Отлов бродячих собак и кошек осуществляется работниками Организации в соответствии с графиком отлова, а также по заявкам местных исполнительных органов соответствующей административно-территориальной единицы, письменным или устным обращениям физических и юридических лиц в случаях массового скопления бродячих собак и кошек.

      6. Организация обеспечивает работников по отлову индивидуальными средствами защиты, проводит инструктаж, выдает им удостоверения на право отлова бродячих собак и кошек, которые предъявляются по требованию граждан.

      7. Организация укомплектовывается оборудованием и средствами для осуществления деятельности по отлову и уничтожению (петельные орудия лова и/или пневматические винтовки с фармакологическим препаратом).

      8. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятий и учреждений, а также беспризорные, оставшиеся без присмотра человека или образовавшие полусвободные группировки, способные размножаться вне контроля человека.

      9. К работе по отлову бродячих собак и кошек допускаются лица, прошедшие медицинское обследование, получившие профилактические прививки против бешенства, не состоящие на учете в психоневрологическом и наркологическом диспансерах.

      10. Во время проведения отлова работникам Организации не допускается:

      1) присвоение отловленных собак и кошек и передача их другим лицам;

      2) применение пневматического оружия с фармакологическим средством для обездвиживания животного с расстояния более 10 метров;

      3) отлов в присутствии несовершеннолетних детей, за исключением случаев, когда поведение бродячих собак и кошек угрожает жизни и здоровью человека;

      4) произведение выстрела в направлении людей.

      11. Отловленные бродячие собаки и кошки доставляются в специализированное учреждение для временного содержания до выяснения их принадлежности.

      12. В случаях, если бродячие собаки и кошки представляют реальную угрозу жизни и здоровью людей и животных (агрессивное поведение и/или подозрение на заболевание бешенством) уничтожаются Организацией незамедлительно.

      13. Информация об отловленных бродячих собаках и кошках размещается на Интернет-ресурсе Организации.

3. Транспортировка бродячих собак и кошек в специализированное учреждение для временного содержания

      14. При транспортировании животных удовлетворяются их нужды в пище и воде, а также обеспечивается их безопасность.

      15. Транспортное средство, предназначенное для перевозки животных, оснащается специальным оборудованием, а также при погрузке и разгрузке животных используется устройства, исключающие травмы и/или гибель животных.

      16. Транспортирование животных разных видов проводится раздельно, за исключением тех видов, которые естественно контактируют друг с другом или являются нейтральными друг к другу.

      17. Погибшие и не подлежащие дальнейшему транспортированию животные, незамедлительно отделяются от живых животных.

4. Содержание бродячих собак и кошек в специализированном учреждении временного содержания

      18. В специализированном учреждении временного содержания проводится клинический осмотр, регистрация, вносятся сведения в специальные журналы следующего содержания: вид животного, пол, окрас, особые приметы, наличие отличительных знаков.

      19. Отловленные бродячие собаки и кошки размещаются в металлические клетки.

      20. За отловленными собаками и кошками осуществляется необходимый уход и кормление.

      21. В случае отсутствия обращения владельцев отловленных бродячих собак и кошек в течение двух месяцев подлежат умерщвлению.

5. Уничтожение бродячих собак и кошек

      22. Не востребованные собаки и кошки подлежат умерщвлению медикаментозным путем, препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.

      23. Умерщвление животных проводится в специализированном помещении, которое отделено от помещения, где содержатся другие животные.

      24. Утилизация трупов собак и кошек осуществляется на специально отведенном участке земли для захоронения трупов животных (скотомогильники и/или биотермические ямы) или в передвижных и/или стационарных устройствах для сжигания трупов животных и биологического материала (инсенераторы).

      25. Не допускается выбрасывание трупов (останков) собак и кошек на территории населенных пунктов и несанкционированное захоронение вне скотомогильников.

6. Заключительные положения

      26. Финансирование мероприятий по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек осуществляется за счет средств местного бюджета.

      27. За нарушение настоящих Правил, виновные лица несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.