Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 14984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 131 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.04.2018 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 217 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13623 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Персоналды басқару қызметі (басқарма құқығында) (Ә.Ж. Шоқпаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс істеу тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау, егер оның бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы не еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусы қызметшілерін бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшіні тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған "Б" корпусының қызметшісі бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындайтын және мемлекеттік лауазымнан босататын лауазымды тұлға жұмыс органы Министрліктің персоналды басқару қызметі (бұдан әрі - Қызмет) болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      7. Комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның хатшысы Қызметтің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2-тарау. Жеке жұмыс жоспарын құрастыру

      10. Жеке жұмыс жоспарын "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырады.

      11. "Б" корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы орындау мерзімі анықталған нақты, өлшемді, қол жеткізетін мақсатты көрсеткіштердің саны төрттен аспайды.

      13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір дана Қызметке беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысында болады.

3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Қызмет Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Қызмет бағалауға жататын "Б" корпусының қызметшілерін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалауды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Негізгі балдар "Б" корпусы қызметшісінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және (немесе) ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштерін және күрделі болып табылатын қызмет түрлерін Министрлік өзінің салалық ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгілейді және атқарылған жұмыстың күрделілігі мен көлемін қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және Министрліктің Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшы бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін балл қояды.

      19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Министрлік басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың көзі ретінде Министрліктің құжат айналымы қызметінің және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың көзі ретінде Қызметтің және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әрбір орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусы қызметшісіне әрбір бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзу фактілері туралы Министрліктің Қызмет, құжат айналымы қызметінің ұсынған мәліметтерді есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған түзетулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағына "Б" корпусының қызметшісі қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қызметтің қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

      26. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:


=100+а-в,

– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      27. "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 балдан жоғары – "өте жақсы".

5-тарау. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспарды орындаудың толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің дұрыстығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және онымен келіседі.

      30. Жеке жұмыс жоспарының орындалуына баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      жеке жұмыс жоспарында көзделген мақсатты көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      мақсатты көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсатты көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсатты көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Қызметтің қызметкері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

      32. Қызмет "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мына формула бойынша есептейді:

     


      Мұнда:


- жылдық баға;

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалау жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан жоғары) – 5 балл қойылады.


–жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 балдан 3, 9 балға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 балдан 4, 9 балға дейін – "тиімді"; 5 бал – "өте жақсы".

6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Қызмет Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Комиссияның бағалау нәтижелерін қарау бойынша отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Қызмет Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссия бағаны хаттамада тиісті түсіндірмемен түзетеді.

      36. Қызмет бағалау нәтижелерімен "Б" корпусы қызметшісін ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қызмет қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      37. Осы әдістеменің 34-тармағының 1) және 2) тармақтарында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Қызметте сақталады.

7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бағалау бойынша заңнамада белгіленген тәртіптің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусының қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қызметі қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      ____________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________

      Қызметшінің лауазымы: _________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________



р/с

Мақсатты көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

1-мақсатты көрсеткіш


2

2-мақсатты көрсеткіш


3

3-мақсатты көрсеткіш


4


      Ескертпе:

      Мақсатты көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсатты көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

Қызметші
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ______________________ 

Тікелей басшы
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ____________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      _____жылғы _____________________тоқсан

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      __________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________

Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер



























Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:

Қызметші
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ____________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      _________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ____________________________________________________________________

Жеке жоспарды орындау бағасы


р/с

Мақсатты көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1- мақсатты көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




2

2 - мақсатты көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




3

3 - мақсатты көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




4

...





Қызметші
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
күні _______________________
қолы ____________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _____________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _______________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1..





2,





...





      Комиссия шешімі:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: _________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: __________________________________Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2017 года № 124. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 апреля 2017 года № 14984. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2018 года № 131 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 03.04.2018 № 131 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и Типовой методикой оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 14637), ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 марта 2016 года № 217 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства образования и науки Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 13623, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 13 мая 2016 года).

      3. Службе управления персоналом (на правах управления) Министерства образования и науки Республики Казахстан (Шокпаров А.Ж.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление копий настоящего приказа в периодические печатные издания для официального опубликования, а также в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Утверждена
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 15 марта 2017 года
  № 124

Методика
оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"
Министерства образования и науки Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и Типовой методикой оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 14637) и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б") Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее – Министерство).

      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:

      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);

      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.

      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках, либо в периоде временной нетрудоспособности, проходят оценку в течение пяти рабочих дней после выхода на работу.

      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.

      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому данный служащий подчинен согласно своей должностной инструкции.

      5. Годовая оценка складывается из:

      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;

      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      6. Для проведения оценки должностным лицом, назначающим на государственную должность и освобождающим от государственной должности служащего корпуса "Б", создается Комиссия по оценке (далее – Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом Министерства (далее – Службы).

      7. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в приказ о создании Комиссии.

      8. Решение Комиссии принимается открытым голосованием.

      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии.

      При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      Секретарем Комиссии является сотрудник Службы. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

Глава 2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы составляется служащим корпуса "Б" совместно с его непосредственным руководителем не позднее десятого января оцениваемого года, по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность после срока, указанного в пункте 10 настоящей Методики, индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      12. Количество целевых показателей в индивидуальном плане работы служащего корпуса "Б" составляет не более четырех конкретных, измеримых, достижимых, с определенным сроком исполнения.

      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в Службу. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".

Глава 3. Подготовка к проведению оценки

      14. Служба формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.

      Служба за десять календарных дней до начало проведения оценки обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

Глава 4. Квартальная оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.

      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов за выполнение служащим своих должностных обязанностей.

      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и (или) организационном плане.

      18. Показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы и сложные виды деятельности определяются Министерством самостоятельно исходя из своей отраслевой специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интранет-портале Министерства документы и мероприятия.

      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.

      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.

      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства Министерства, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц.

      Источниками информации о фактах исполнительской дисциплины служат документально подтвержденные сведения от служб документооборота Министерства и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:

      1) опоздания на работу без уважительной причины;

      2) нарушения служащими корпуса "Б" служебной этики.

      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от Службы и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере "–2" балла за каждый факт нарушения.

      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" представляет непосредственному руководителю для согласования заполненный оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных Службой, службой документооборота Министерства сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист подписывается служащим корпуса "Б".

      Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не является препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником Службы и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      26. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:

      ∑кв=100+а-в,

      где ∑кв – квартальная оценка;

      а – поощрительные баллы;

      в – штрафные баллы.

      27. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" выставляется по следующей шкале: менее 80 баллов – "неудовлетворительно", от 80 до 105 (включительно) баллов – "удовлетворительно", от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно", свыше 130 баллов – "превосходно".

Глава 5. Годовая оценка

      28. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет непосредственному руководителю для согласования заполненный оценочный лист выполнения индивидуального плана по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.

      29. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      30. Оценка выполнения индивидуального плана работы выставляется по следующей шкале:

      за невыполнение целевого показателя, предусмотренного индивидуальным планом работы, присваивается 2 балла;

      за частичное выполнение целевого показателя - 3 балла;

      за выполнение целевого показателя (достижение ожидаемого результата) - 4 балла;

      за превышение ожидаемого результата целевого показателя - 5 баллов.

      31. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".

      Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником Службы и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      32. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется Службой не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

      ∑год =0,4*∑кв.+0,6*∑ИП,

      где:

      ∑год – годовая оценка;

      ∑кв – средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение). При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 27 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:

      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла;

      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,

      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла;

      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;

      ∑ИП – оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение).

      33. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале: менее 3 баллов – "неудовлетворительно", от 3 до 3,9 баллов – "удовлетворительно", от 4 до 4,9 баллов – "эффективно", 5 баллов – "превосходно".

Глава 6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      34. Служба обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      Служба предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностная инструкция служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.

      35. Комиссия рассматривает результаты квартальных и годовой оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе.

      36. Служба ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не является препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником Службы в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      37. Документы, указанные в подпунктах 1) и 2) пункта 34 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в Службе.

Глава 7. Обжалование результатов оценки

      38. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      39. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений установленного законодательством порядка проведения оценки рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.

      40. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

      41. Служащий корпуса "Б" в случае не согласия обжалует результаты оценки в суде.

Глава 8. Принятие решений по результатам оценки

      42. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.

      43. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".

      44. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.

      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.

      45. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      46. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан".

      47. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.

  Приложение 1
к Методике оценки
  деятельности административных
  государственных служащих
  корпуса "Б" Министерства
  образования и науки Республики Казахстан
  Форма

                              Индивидуальный план работы
            административного государственного служащего корпуса "Б"

                  _________________________________________________год
            (период, на который составляется индивидуальный план)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащего _________________________________
Должность служащего: ___________________________________________________________
Наименование структурного подразделения служащего: _______________________________
________________________________________________________________________________

п/н

Целевые показатели *

Ожидаемый результат

1

Целевой показатель 1


2

Целевой показатель 2


3

Целевой показатель 3


4


            Примечание:

            * Целевые показатели определяются с учетом их направленности на достижение
стратегической цели (целей) государственного органа, а в случае ее (их) отсутствия, исходя
из функциональных обязанностей служащего.

            Количество целевых показателей составляет не более четырех, из них не менее
половины измеримых.

Служащий
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата _________________________
подпись ______________________
 

Непосредственный руководитель
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата __________________________
подпись_______________________
 

  Приложение 2
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства образования и
науки Республики Казахстан
  Форма

                                    Оценочный лист
                        ____________________квартал ____ года
                              (оцениваемый период)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
________________________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего:
________________________________________________________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:
________________________________________________________________________________

                              Оценка исполнения должностных обязанностей:


п/н

Самооценка служащего

Оценка непосредственного руководителя

Примечание

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины



























Результат самооценки:

Результат оценки:

Служащий
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата _________________________
подпись ______________________
 

Непосредственный руководитель
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата __________________________
подпись_______________________
 

  Приложение 3
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства образования и
науки Республики Казахстан
  Форма

                                    Оценочный лист

                              ____________________________ год
                              (оцениваемый год)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
________________________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: _______________________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:
________________________________________________________________________________

                              Оценка выполнения индивидуального плана:


п/н

Результат целевого показателя

Значение

Результаты самооценки служащего

Результаты оценки руководителя

Примечание

1

Результат целевого показателя 1

от 2 до 5




2

Результат целевого показателя 2

от 2 до 5




3

Результат целевого показателя 3

от 2 до 5




4





Служащий
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата __________________________
подпись _______________________
 

Непосредственный руководитель
_____________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
дата __________________________
подпись_______________________
 

  Приложение 4
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" Министерства
образования и науки Республики Казахстан
  Форма

                              Протокол заседания Комиссии по оценке

                  _______________________________________________________________
                        (наименование государственного органа)

            ___________________________________________________________________
      (вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период (квартал и (или) год)

                                    Результаты оценки


п/н

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащих

Сведения о результатах оценки

Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)

Рекомендации Комиссии

1.





2.





...





      Решение Комиссии:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

            Проверено:

            Секретарь Комиссии: ______________________________________ Дата: ___________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии: ___________________________________ Дата: ___________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии: ___________________________________________ Дата: ___________
                  (фамилия, имя, отчество(при его наличии), подпись)