Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 15610 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 165 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2021 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлеріне қызметтік куәлік беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мниистрлігінің кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
міндетін атқарушы
С. Жақыпова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
міндетін атқарушының
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 237 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз деп есептеледі.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік:

      1) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасына, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларына – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қолы қойылып;

      2) Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Комитет төрағасының орынбасарларына, Министрлік департаменттері директорларының орынбасарларына, басқармаларының басшыларына, бас сарапшылары мен сарапшыларына, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларына – Министрліктің жауапты хатшысының қолы қойылып;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне – Комитет төрағасының қолы қойылып;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлеріне Комитеттің аумақтық органдары басшыларының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы өзгерген, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген кезде беріледі.

      Министрлікке жұмысқа алғаш қабылданған адамдар жаңа қызметтік куәлікті ресімдеу және алу үшін көлемі 3 х 4 см болатын екі дана түрлі-түсті фотосуретін кадр қызметі басқармасына тапсырады. Бір фотосурет қызметтік куәлікке, екіншісі – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына жапсырылады.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы кадр қызметі басқармасының сейфінде сақталады.

      8. Қызметтік куәлік беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленеді және кадр қызметі басқармасының қолымен және мөрімен куәландырылады.

      9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібін түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстырған кезде бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр кызметі басқармасының қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

      10. Кадр қызметі басқармасы жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктердің есептік деректерінің сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібіне жалпы бақылауды кадр қызметі басқармасының басшысы жүзеге асырады.

      12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның иесі дереу кадр қызметі басқармасына жазбаша (еркін нысанда) хабарлайды, бұқаралық акпарат құралдарына хабарландыру береді.

      13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі басқармасы қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      14. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр қызметі басқармасы хабардар етіледі. Жоғалған қызметтік куәліктің орнына жаңасын қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметі басқармасы береді.

      15. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлігін кадр қызметі басқармасына тапсырады, бұл туралы есепке алу журналында белгі қойылады.

      16. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің қызметтік
куәлігін беру қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Фотосурет

Р/с № қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Кімге берілді, қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс орны және лауазымы

Қызметшінің куәлікті алғаны жөнінде жеке қолы

Қайтарғаны туралы белгі

Жойылғаны туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
міндетін атқарушының
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 237 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19,5 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу бар.

      3. Куәліктің ішкі жағында күн астындағы қыран құсты пайдалана отырып ақ түс аясында көгілдір түсті қорғаныш тангир бейнелеген. Жоғары бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ" деген жазулар, одан төменгі мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), куәлік №, тиісінше Министрдің, Жауапты хатшының, Комитет төрағасының, Комитеттің аумақтық органы басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қазақ тіліндегі мәтін.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның астында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и его описания

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 237. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 сентября 2017 года № 15610. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 12 мая 2021 года № 165.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 12.05.2021 № 165 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения работникам Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Описание служебного удостоверения работников Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Управлению кадровой службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Курмангалиеву А.Д.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

  Приложение 1
к приказу и.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 4 августа 2017 года
№ 237

Правила выдачи служебного удостоверения
Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Министерства).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность.

      3. Служебное удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящим приказом.

      4. Служебное удостоверение, без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение выдается:

      1) за подписью Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан – председателю Комитета труда, социальной защиты и миграции (далее - Комитет), руководителям и заместителям руководителей подведомственных организаций;

      2) за подписью ответственного секретаря Министерства – руководителям структурных подразделений центрального аппарата Министерства, заместителям председателя Комитета, заместителям директоров, руководителям управлений, главным экспертам и экспертам Министерства, руководителям и заместителям руководителей территориальных органов Комитета;

      3) за подписью председателя Комитета – работникам Комитета, за исключением работников, указанных в подпункте 2 настоящего пункта;

      4) за подписью руководителей территориальных органов Комитета – работникам территориальных органов Комитета, за исключением работников, указанных в подпункте 2 настоящего пункта.

      6. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      Лица, впервые принятые на работу в Министерства, для оформления и получения нового служебного удостоверения сдают в управление кадровой службы две цветных фотографий, размером 3 х 4 см. Одна фотография вклеивается в служебное удостоверение, другая - в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Министерства по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее - журнал учета).

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе управлений кадровой службы.

      8. Журнал учета выдачи служебного удостоверения прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью и печатью управления кадровой службы.

      9. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядку его хранения.

      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудниками управления кадровой службы, ответственными за выдачу служебного удостоверения.

      10. Ежегодно, по состоянию на 1 января, управлением кадровой службы проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      11. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляют руководители управления кадровой службы.

      12. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме управление кадровой службы, подает объявление в средства массовой информации.

      13. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению управление кадровой службы в течение десяти рабочих дней со дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия Министерства рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      14. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется управление кадровой службы. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается управлением кадровой службы после проведения служебного расследования.

      15. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение в управление кадровой службы, о чем делается отметка в журнале учета.

      16. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
к Правилам выдачи служебного
удостоверения Министерства труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

Журнал
учета выдачи служебных удостоверений
Министерства труда и социальной защиты населения

Республики Казахстан

Фотография

№ п/п номер служебного удостоверения

Дата выдачи

Кому выдано
ФамилияИмя Отчество (при наличии) служащего

Место работы и должность

Роспись служащего в получении удостоверения

Отметка о возврате

Отметка об уничтожении




















  Приложение 2
к приказу и.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 4 августа 2017 года
№ 237

Описание служебного удостоверения
Министерства труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из кожзаменителя высокого качества синего цвета, размером 19,5 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ".

      3. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием орла под солнцем. В верхней части размещены надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН"; под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой.

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 см, № удостоверения, текст на казахском языке, заверенный подписью соответственно Министра, ответственного секретаря, председателя Комитета, руководителя территориального органа Комитета и гербовой печатью.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" и текст на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на два года).