Карантинді тоқтату және Нұра ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 5628 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының м.а. 2017 жылғы 19 шілдедегі № 16-07/163 ұсынысы негізінде Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра ауылдық округінің Байдалы мал қыстағындағы "Айбек" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин алынсын.

      2. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5511 тіркелген, 2017 жылдың 7 маусымда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауылдық округінің әкімі: Ж.ТӨЛЕБАЙ

О снятии карантина и признании утратившим силу решения акима Нуринского сельского округа от 23 мая 2017 года № 9 "Об установлении карантина"

Решение акима Нуринского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 4 августа 2017 года № 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 августа 2017 года № 5628

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункта 8 статьи 10-1 Закона Республика Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления и.о. главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Иргизской районной территориальной инспекции комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 июля 2017 года № 16-07/163, аким Нуринского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи выполнением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота, снять установленный карантин на территории крестьянского хозяйства "Айбек", в зимовке Байдалы Нуринского сельского округа.

      2. Признать утратившим силу решение акима Нуринского сельского округа от 23 мая 2017 года № 9 "Об установлении карантина" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5511, опубликованное 7 июня 2017 года в газете "Ырғыз").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Нуринского сельского округа: Ж. ТОЛЕБАЙ