Шектеу іс-шараларын алу және Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5327 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 24 қазандағы № 14-01/303 және 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 14-01/36 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округінің "Арғыжақ бет" қыстағындағы "Нұрсұлтан", "Темірхан", "Шамшырақ" шаруа қожалықтары аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5071 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйектегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 22 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Алтыкарасуского сельского округа от 06 сентября 2016 года № 11 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Алтыкарасуского сельского округа Темирского района Актюбинской области от 2 марта 2017 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 марта 2017 года № 5327

      В соответствии со статьей 35, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Темирской районной территориальной инспекции от 24 октября 2016 года № 14-01/303 и от 30 января 2017 года № 14-01/36 аким Алтыкарасуского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Снять ограничительные мероприятия установленные на территории крестьянских хозяйств "Нурсултан", "Темирхан", "Шамшырак" в зимовке "Аргыжак бет" Алтыкарасуского сельского округа, в связи проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.
      2. Признать утратившим силу решение акима Алтыкарасуского сельского округа от 06 сентября 2016 года № 11 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5071, опубликованное 30 сентября 2016 года в газете "Темір").
      3. Отменить решение акима Алтыкарасуского сельского округа от 26 октября 2016 года № 22 "О снятии ограничительных мероприятий".
      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Алтыкарасуского сельского округа М. Шуиншалин