Шектеу іс-шараларын алу және Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 мамырда № 5489 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 14-01/103 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5045 тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Алтыкарасуского сельского округа от 24 августа 2016 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Алтыкарасуского сельского округа Темирского района Актюбинской области от 2 мая 2017 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 мая 2017 года № 5489

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Темирской районной территориальной инспекции от 04 апреля 2017 года №14-01/103 аким Алтыкарасуского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Снять ограничительные мероприятия установленные на территории села Енбекши Алтыкарасуского сельского округа, в связи проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.
      2. Признать утратившим силу решение акима Алтыкарасуского сельского округа от 24 августа 2016 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5045, опубликованное 23 сентября 2016 года в газете "Темір").
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования
      Аким Алтыкарасуского сельского округа М. Шуиншалин