Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 21 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 3786 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағы 17-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "7" ақпандағы № 21 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "7" ақпандағы № 21 қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      1. Әр түрлі жануарларға ортақ аурулар: псороптоз, гельминтоз, фасциолез.

      2. Ірі қара малдың аурулары: гиподерматоз.

      3. Жылқы малының аурулары: сақау.

      Ескерту. Қосымша 3-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы әкімдігінің 07.06.2018 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств

Постановление акимата Атырауской области от 7 февраля 2017 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 27 февраля 2017 года № 3786.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 17-3) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атырауской области Накпаева С.Ж.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Н. Ногаев

  Приложение к постановлению акимата Атырауской области от "7" февраля 2017 года № 21
  Утвержден постановлением акимата Атырауской области от "7" февраля 2017 года № 21

Перечень энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств

      1. Болезни общие для разных видов животных: псороптоз, гельминтоз, фасциолез.

      2. Болезни крупного рогатого скота: гиподерматоз.

      3. Болезни лошадей: мыт.

      Сноска. Приложение дополнено пунктом 3 в соответствии с постановлением акимата Атырауской области от 07.06.2018 № 118 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).