Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 4723 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 32 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №8 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3513 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Серпін" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Боқаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Лубен ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
А.М.Нурушев

О снятии ограничительных мероприятий на территории Лубенского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области

Решение исполняющего обязанности акима Лубенского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 9 марта 2017 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 16 марта 2017 года № 4723

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Чингирлауская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 25 января 2017 года №32 исполняющий обязанности акима Лубенского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные в связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди мелкого рогатого скота на территории Лубенского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области.

      2. Признать утратившими силу решение акима Лубенского сельского округа Чингирлауского района от 23 апреля 2014 №8 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории Лубенского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3513, опубликованное 7 мая 2014 года в газете "Серпін").

      3. Главному специалисту аппарата акима Лубенского сельского округа (Ю.Бокаев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
Лубенского сельского округа
Нурушев А.М.