Шектеу іс–шараларын алу және Қараой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 5 "Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 04 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 наурызда № 3-11-115 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 ақпандағы № во 2–13-/18 ұсынысына сәйкес, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қараой ауылдық округінің "Ақ-Теңгер" шаруа қожалығы және "Сайын-Қалам" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан жұқпалы сарып ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитариялық іс – шаралары жүргізілгендігіне байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Қараой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 5 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5607 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қараой ауылдық округі әкімі С. Займолдин

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Караойского сельского округа от 13 июля 2017 года № 5 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Караойского сельского округа Уилского района Актюбинской области от 5 марта 2018 года № 04. Зарегистрировано Управлением юстиции Уилского района Актюбинской области 19 марта 2018 года № 3-11-115

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно – санитарного инспектора Уилской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № во 2–13-/18, аким Караойского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно – санитарных мероприятий по ликвидации очагов болезни бруцеллеза среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Ақ-Теңгер" и сельскохозяйственного производственного кооператива "Сайын-Қалам" Караойского сельского округа.

      2. Признать утратившим силу решение акима Караойского сельского округа от 13 июля 2017 года № 5 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5607, опубликованное 25 июля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Караойского сельского округа С. Займолдин