Шектеу іс-шараларын алу және Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 80 "Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 81 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 шілдеде № 3-11-138 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2018 жылғы 19 маусымдағы № во 2-13-/67 ұсынысының негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 80 "Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген, 2017 жылдың 18 мамырда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округі әкімі Д. Бисебаев

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Уилского сельского округа от 27 апреля 2017 года № 80 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Акшатау Уилского сельского округа"

Решение акима Уилского сельского округа Уилского района Актюбинской области от 9 июля 2018 года № 81. Зарегистрировано Управлением юстиции Уилского района Департамента юстиции Актюбинской области 11 июля 2018 года № 3-11-138

      В соответствии со статьями 35, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарного - санитарного инспектора Уилской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № во 2-13-/67, аким Уилского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно – санитарных мероприятий по ликвидации очагов болезни бруцеллеза среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории села Акшатау Уилского сельского округа.

      2. Признать утратившим силу решение акима Уилского сельского округа от 27 апреля 2017 года № 80 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Акшатау Уилского сельского округа" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5482, опубликованное 18 мая 2017 года в газете "Ойыл").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Акима Уилского сельского округа: Д. Бисебаев