Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 тамызда № 8015 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 20.02.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 01-20/594 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округінің Алуа ауылында және осы ауылдын аумағында орналасқан "Естек", "Акмарал", "Сәкен" шаруашылық қожалықтары ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайынды ауылдық
округі әкімінің міндетін атқарушы
Ғ. Қуанышқали

      КЕЛІСІЛДІ

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Қ. Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      ветеринарлық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Е. Канапин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Арқалық

      қалалық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Б. Қорғанбекова

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка

Решение акима Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области от 20 августа 2018 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 августа 2018 года № 8015. Утратило силу решением акима Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области от 20 февраля 2019 года № 1.

      Сноска. Утратило силу решением акима Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области от 20.02.2019 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпункта 7) статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Аркалыкская городская территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 10 июля 2018 года № 01-20/594, исполняющий обязанности акима Каиндинского сельского округа города Аркалыка РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области и находящихся на его территории крестьянских хозяйствах "Естек", "Акмарал", "Сәкен", в связи с возникновением болезни бруцеллез крупного рогатого скота.

      2. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел ветеринарии акимата города Аркалыка" (по согласованию), государственному учреждению "Аркалыкская городская территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию), республиканскому государственному учреждению "Аркалыкское городское управление охраны общественного здоровья Департамента охраны общественного здоровья Костанайской области Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию), провести необходимые ветеринарно-санитарные мероприятия для достижения ветеринарно-санитарного благополучия в выявленном эпизоотическом очаге.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Каиндинского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата города Аркалыка Костанайской области после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима Каиндинского сельского округа
Г. Куанышкали

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел ветеринарии

      акимата города Аркалыка"

      _________________ К. Бейсенов

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного

      учреждения "Аркалыкская

      городская территориальная

      инспекция Комитета ветеринарного

      контроля и надзора Министерства

      сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      _________________ Е. Канапин

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения

      "Аркалыкское городское

      управление охраны

      общественного здоровья

      Департамента охраны

      общественного здоровья

      Костанайской области

      Комитета охраны

      общественного здоровья

      Министерства здравоохранения

      Республики Казахстан"

      _______________ Б. Курганбекова