Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Кызылкога ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 4131 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 07 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 27.07.2018 № 07 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 57 ұсынысы негізінде Көздіғара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мерей" шаруа қожалығында бір бас мүйізді ірі қара малынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты "Қамбар-2" қыстағының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Кабесов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау облысы Денсаулық сақтау

      басқармасының "Қызылқоға аудандық

      орталық ауруханасы" шаруашылық

      жүргізу құқығындағы коммуналдық

      мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігері      С. Тайшыбай

      "12" сәуір 2018 жыл

  "Қазақстан Республикасы Денсаулық
  сақтау министрлігінің Қоғамдық
  денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы
  Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
  Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық
  сақтау басқармасы" республикалық
  мемлекеттік мекемесі басшысының
  міндетін атқарушы      Г. Ажигалиева
  "12" сәуір 2018 жыл

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Куздыгаринского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 12 апреля 2018 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 19 апреля 2018 года № 4131. Утратило силу решением акима Куздыгаринского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 27 июля 2018 года № 07

      Сноска. Утратило силу решением акима Куздыгаринского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 27.07.2018 № 07 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправления в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Кзылкогинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 19 марта 2018 года № 57, аким Куздыгаринского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением болезни бешенство среди крупного рогатого скота на территории крестьянского хозяйства "Мерей" на зимовке "Камбар-2" установить ограничительные мероприятия.

      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Кызылкогинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), Республиканскому государственному учреждению "Кзылкугинское районное Управление охраны общественного здоровья Департамента охраны общественного здоровья Атырауской области Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким округа Б. Кабесов

      СОГЛАСОВАНО:

      Главный врач коммунального государственного

      предприятия на праве хозяйственного ведения

      "Кызылкогинская центральная районная больница"

      Управления здравоохранения Атырауской области      С. Тайшыбай

      "12" апреля 2018 года

  Исполняющий обязанности руководителя
  Республиканского государственного
  учреждения "Кзылкугинское районное
  Управление охраны общественного здоровья
  Департамента охраны общественного здоровья
  Атырауской области Комитета охраны
  общественного здоровья Министерства
  здравоохранения Республики Казахстан"      Г. Ажигалиева
  "12" апреля 2018 года