Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Томпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 32 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 5369 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 844 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Томпақ ауылы аумағында ұсақ мүйізді қара мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы №13 "Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Томпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5237 тіркелген, 2018 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Н. Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайпақ ауылдық округінің әкімі Б.Шаленов

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Томпак Тайпакского сельского округа Акжаикского района

Решение акима Тайпакского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 25 октября 2018 года № 32. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 26 октября 2018 года № 5369

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарного-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 сентября 2018 года № 844, аким сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные в связи с возникновением заболевания инфекционный эпидидимит среди мелкого рогатого скота на территории села Томпак Тайпакского сельского округа Акжаикского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима Тайпакского сельского округа Акжаикского района от 7 июня 2018 года № 13 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Томпак Тайпакского сельского округа Акжаикского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5237, опубликованное 14 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Главному специалисту аппарата акима Тайпакского сельского округа (З.Н.Гапуова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Тайпакского сельского округа Б. Шаленов