Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 5186 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу, 2019 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін ұйымдастырылсын.

      2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне медициналық комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А. Әбілдинге жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

Об организации приписки граждан мужского пола к призывному участку Объединенного отдела по делам обороны Шетского района

Решение акима Шетского района Карагандинской области от 11 февраля 2019 года № 03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 февраля 2019 года № 5186. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", аким Шетского района РЕШИЛ:

      1. Организовать приписку граждан мужского пола к призывному участку Объединенного отдела по делам обороны Шетского района с января месяца по март месяц 2019 года.

      2. Акимам сельских и поселковых округов Шетского района обеспечить организационную и обязательную явку юношей на медицинскую комиссию в призывной участок Объединенного отдела по делам обороны Шетского района.

      3. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Шетского района Абильдина А.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Шетского района М. Жандаулетов