Маңғыстау облысы азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/387 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 4057 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 9/109 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.03.2022 № 9/109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Республикалық медициналық ұйымдарда жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ), сондай-ақ республикалық медициналық ұйымдарда және облыстық маңызы бар қалаларда мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) алу үшін жіберілетін Маңғыстау облысының азаматтарына елді мекен шегінен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Ілесіп барушы тұлғаны алуға құқығы бар:

      18 жасқа дейінгі балалар;

      көру бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

      бірінші топтағы мүгедектер және дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша науқастар.

      3. Жол жүру құнын төлеу "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне емделу орнынан келген күннен бастап бір жыл мерзімнен кешіктірмей ұсынылуы тиіс мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылсын:

      1) жеке куәлігінің және (немесе) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      2) белгіленген үлгідегі емдеуге жолдаманың көшірмесі;

      3) науқасқа ілесіп жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның ДКК қорытындысы;

      4) ем қабылдағаны туралы ауру тарихы үзіндісінің көшірмесі;

      5) мүгедектік туралы анықтамасының көшірмесі;

      6) науқастың және оған ілесіп жүруші тұлғаның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын билеттер, олар жоғалған жағдайда емделу орнына бару және кері қайту жол жүру фактісін растайтын анықтамасын ұсыну бойынша жүргізіледі;

      7) банктен карточкалық базадағы пациенттің ашық 20 таңбалы шоты туралы хабарламаның көшірмесі немесе ақша қаражатын алу құқығы бар сенімхатпен басқа адамға.

      4. Осы шешімнің 3-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша ЖМТҚ алу үшін елді мекен шегінен тыс жерлерге жіберілетін науқастардың және оларға ілесіп жүретін адамдардың (бір адамнан аспайтын) емделу орнына барып-қайту жол жүруін өтеу мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) темір жол (бұдан әрі – ТЖ) көлігімен ұсынылған билеттер плацкарт (купелік) вагоны билеті тарифі бойынша жүзеге асырылады.

      ТЖ көлігімен өзге вагонның тарифін ұсынған жағдайда, шығыстары 5 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде өтеледі;

      2) ДКК қорытындысы болған жағдайда, әуе көлігі экономикалық класс билетінің тарифі бойынша жүзеге асырылады; ДКК қорытындысы болған жағдайда, әуе көлігі бизнес класты билеті ұсынылған жағдайда, шығындары 15 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі; ДКК қорытындысыз әуе көлігімен билет ұсынылған жағдайда, төлем 5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;

      3) науқас қайтыс болған жағдайда, алып (ілесіп) жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін жол шығыны - 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

      5. Республикалық медициналық ұйымдарда ЖТМҚ алу үшін жіберілген науқасты ауруханаға жатқызудан құжаттамалық бас тартқан жағдайда, республикалық медициналық ұйымның ауру тарихы үзіндісі көшірмесінсіз жол шығындары осы шешімнің 4-тармағына сәйкес өтелсін.

      6. Осы шешімнің 3-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде елді мекеннен тысқары жерлерге медициналық көрсеткіштер бойынша ММК алу үшін жіберілетін науқастардың және оларға ілесіп жүретін адамдардың (бір адамнан аспайтын) емделу орнына барып-қайту жол жүру шығындары мынадай санаттар бойынша өтеледі:

      1) республикалық медициналық ұйымдардың күндізгі стационарынан тексеруден өту үшін онкогематологиялық бейін және гемофилия диагнозымен осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;

      2) облыстық клиникаларға кеңес алуға және тексеруге жіберілетін жүкті әйелдерге осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің "Қазақстан Санаторийі" акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Нұр-Сұлтан қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;

      4) мүгедек балаларға ілесіп барушы ата-анасының біреуімен бірге әуе көлігімен, республикалық орталықтарға ДКК анықтамасына сәйкес 40 АЕК-тен аспайтын жол шығындары өтеледі.

      7. Маңғыстау облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:

      1) 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 "Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2694 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/182 "Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 "Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3500 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      8. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      9. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Салманов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Мангистауской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2019 года № 32/387. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 18 декабря 2019 года № 4057. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 29 марта 2022 года № 9/109

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 29.03.2022 № 9/109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Мангистауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить гражданам Мангистауской области бесплатный проезд за пределы населенного пункта, направляемым для получения высокотехнологичных медицинских услуг (далее – ВТМУ) в республиканских медицинских организациях, а также специализированной медицинской помощи (далее – СМП) в республиканских медицинских организациях и в городах областного значения.

      2. Право на сопровождающее лицо имеют:

      дети в возрасте до 18 лет;

      инвалиды первой и второй групп по зрению;

      инвалиды первой группы и больные по заключению врачебно-консультационной комиссии (далее – ВКК).

      3. Оплату стоимости проезда осуществлять на основании следующих документов, которые должны быть представлены в государственное учреждение "Управление здравоохранения Мангистауской области" в срок не позднее одного года со дня приезда с места лечения:

      1) копии удостоверения личности и (или) свидетельства о рождении;

      2) копии направления на лечение установленного образца;

      3) заключение ВКК медицинской организации о необходимости сопровождения больного;

      4) копии выписки из истории болезни о получении лечения;

      5) копия справки об инвалидности;

      6) проездные билеты, подтверждающие факт поездки, оформленные на имя больного и сопровождающего его лица, в случае их утери предоставление справки, подтверждающей факт поездки и стоимость проезда до места лечения и обратно;

      7) копия уведомления об открытом 20-значном счете пациента в карточной базе от банка или с доверенностью на другого человека с правом получения денежных средств.

      4. Возмещение проезда больных к месту лечения и обратно, направляемых по медицинским показаниям для получения ВТМУ за пределы населенного пункта, и лиц, их сопровождающих (не более одного человека), на основании предъявленных документов, указанных в пункте 3 настоящего решения, включает следующие расходы:

      1) железнодорожным (далее – ЖД) транспортом оплата осуществляется по тарифу плацкартного (купированного) вагона.

      В случае предъявления билета ЖД транспортом тарифа иного вагона расходы возмещаются в размере, не превышающем 5 месячных расчетных показателей (далее – МРП);

      2) воздушным транспортом оплата осуществляется по тарифу экономического класса при наличии разрешения заключения ВКК;

      В случае предъявления билета бизнес класса на воздушный транспорт, при наличии разрешения заключения ВКК, оплата осуществляется в размере, не превышающем 15 МРП;

      В случае предъявления билета на воздушный транспорт, при отсутствии разрешения заключения ВКК, оплата осуществляется в размере, не превышающем 5 МРП.

      3) в случае смертельного исхода больного транспортные расходы за перевозку гроба с телом и сопровождающему лицу возмещаются в размере, не превыщающем 20 МРП.

      5. В случае документального отказа в госпитализации больного, направленного для получения ВТМУ в республиканских медицинских организациях, транспортные расходы возмещаются без копии выписки из истории болезни республиканской медицинской организации согласно пункту 4 настоящего решения.

      6. По проезду больных к месту лечения и обратно, направляемых по медицинским показаниям для получения СМП за пределами населенного пункта, и лиц, их сопровождающих (не более одного человека), на основании предъявленных документов, указанных в пункте 3 настоящего решения, возмещаются расходы по следующим категориям:

      1) с диагнозами онкогематологического профиля и диагнозом гемофилия для прохождения обследования в условиях дневного стационара в республиканских медицинских организациях в соответствии с пунктом 4 настоящего решения;

      2) беременным женщинам области, направляемым на консультацию и обследование в областные клиники, в соответствии с пунктом 4 настоящего решения;

      3) инвалидам и участникам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к ним: преимущественно воинам – интернационалистам, ликвидаторам аварии Чернобыльской атомной электростанции – для оказания медицинской реабилитации в виде специализированной медицинской помощи в акционерном обществе "Санаторий Казахстан" Министерства внутренних дел Республики Казахстан, республиканском клиническом госпитале города Алматы и Центральном клиническом госпитале города Нур-Султан в соответствии с пунктом 4 настоящего решения;

      4) в случае проезда авиатранспортом детей-инвалидов в сопровождении одного из родителей в республиканские центры при наличии разрешения заключения ВКК возмещаются транспортные расходы в размере, не превыщающем 40 МРП.

      7. Признать утратившими силу следующие решения Мангистауского областного маслихата:

      1) от 17 марта 2015 года № 23/376 "О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2694, опубликовано 6 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) от 13 декабря 2017 года № 15/182 "О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 17 марта 2015 года № 23/376 "О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3500, опубликовано 12 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актах Республики Казахстан).

      8. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Мангистауского областного маслихата по социальным вопросам и вопросам законности и правопорядка.

      9. Государственному учереждению "Аппарат Мангистауского областного маслихата" (руководитель аппарата Дауылбаев А.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации.

      10. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Салманов
      Секретарь Мангистауского областного маслихата Н. Тумышев