Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 4393 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 05.09.2019 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару" туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 12-11/39 ұсынысы негізінде, Еңбекші ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, "Куспанов И" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы Р. Амирханов

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Енбекшинского сельского округа Курмангазинского района Атырауской области от 4 мая 2019 года № 35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 4 мая 2019 года № 4393. Утратило силу решением акима сельского округа Енбекши Курмангазинского района Атырауской области от 5 сентября 2019 года № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением акима сельского округа Енбекши Курмангазинского района Атырауской области от 05.09.2019 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправления в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно – санитарного инспектора государственного учреждения "Курмангазинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 26 марта 2019 года № 12-11/39, аким сельского округа Енбекши РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением болезни бруцеллез установить ограничительные мероприятия на территории крестьянского хозяйства "Куспанов И".

      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), Республиканскому государственному учреждению "Курмангазинское районное Управление охраны общественного здоровья Департамента охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима округа Р. Амирханов