Карантинді алып тастау және Бейнеу ауылы әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 389 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 438 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 4227 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 26 мамырдағы №01-19/99 ұсынысының негізінде Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түйелердің арасынан шешек ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бейнеу ауылының тұрғыны Қ.Баймұңаловтың жеке ауласына белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Бейнеу ауылы әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі №389 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4192 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары (С.Көкшеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С. Көкшеевке жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауылының әкімі Р. Тайшыбаев

О снятии карантина и признании утратившим силу решения исполняющего обязанности акима села Бейнеу от 15 апреля 2020 года № 389 "Об установлении карантина"

Решение акима села Бейнеу Бейнеуского района Мангистауской области от 5 июня 2020 года № 438. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 8 июня 2020 года № 4227

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", а также на основании представления руководителя государственного учреждения "Бейнеуская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 26 мая 2020 года №01-19/99, аким села Бейнеу РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации болезни оспа среди верблюдов, снять карантин, установленный на личном подворье жителя села Бейнеу Баймуналова К.

      2. Признать утратившим силу решение исполняющего обязанности акима села Бейнеу от 15 апреля 2020 года №389 "Об установлении карантина" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4192, опубликовано 17 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Заместителю акима села Бейнеу (Кокшеев С.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима села Бейнеу С.Кокшеева.

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким села Бейнеу Р. Тайшыбаев