Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Саға елді мекенінің аумағына карантин белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 81 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қазанда № 6440 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 09.12.2020 № 101 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 қазандағы№01-18/424 ұсынысы негізінде, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Саға елді мекенінің аумағына мүйізді ірі қара малы арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Г. Жумагазиев

Об установлении карантина на территории населенного пункта Сага Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района

Решение акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 26 октября 2020 года № 81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 октября 2020 года № 6440. Утратило силу решением акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года № 101

      Сноска. Утратило силу решением акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 09.12.2020 № 101 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Чингирлауская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерство сельского хозяйства Республики Қазақстан" от 14 октября 2020 года №01-18/424, аким Чингирлауского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить карантин в связи с возникновением заболевания эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота на территории населенного пункта Сага Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района.

      2. Главному специалисту аппарата акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района (Тулепов Ж.М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      3. Контроль за выполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Чингирлауского сельского округа Г. Жумагазиев